Білім бағдарламалары

«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

БАКАЛАВРИАТ

  • 6В05201 Экология (оқыту траекториялары: экологиялық мониторинг және экологиялық менеджмент)
  • 6В07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (оқыту траекториялары: органикалық және мұнай-химиялық өндірістің химиялық технологиясы; полимерлерді өндіру және қайта өңдеудің химиялық технологиясы)
  • 6В07203 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы (оқыту траекториялары: фармацевтикалық өнімдерді әзірлеу және өндіру; фармацевтикалық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі)

МАГИСТРАТУРА

  • 7М07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы- дайындау бағыты: ғылыми-педагогикалық (оқыту траекториялары: органикалық және мұнай-химиялық өндірістің химиялық технологиясы; полимерлерді өндіру және қайта өңдеудің химиялық технологиясы)
  • 7М07102 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы - дайындау бағыты: ғылыми-педагогикалық (оқыту траекториялары: өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы; ресурстарды үнемдейтін технологиялар және қоршаған ортаны қорғау)

ДОКТОРАНТУРА

  • 8D07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (оқыту траекториялары: органикалық және мұнай-химиялық өндірістің химиялық технологиясы; полимерлерді өндіру және қайта өңдеудің химиялық технологиясы)
  • 8D07102 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы (оқыту траекториялары: өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы; ресурстарды үнемдейтін технологиялар және қоршаған ортаны қорғау)

 

АТУ-дың құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлау саласындағы миссиясы жоғары білімнің интеллектуалды әлеуеті мен тәжірибеге бағытталған қызметін нығайтуға, оны ғылыммен және өндіріспен интеграциялауға, халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестендіруге бағытталған.

«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының барлық білім беру бағдарламалары АТУ миссиясын, оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда жоғары деңгейлі ресурстық қамтамасыз етуге ие: білім беру, ғылыми және әлеуметтік-мәдени әлеуеттің болуы, білім алушылардың дағдылары мен біліктіліктерін дамытуға құзыреттіліктің болуы.

АТУ-да оқытушылар құрамы, студенттер мен жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламалары мақсаттарының тиімділігін бағалау жүйесі жасалған. Қазіргі уақытта жұмыс беруші негізгі тапсырыс берушісі мен білім беру сапасының бағалаушысына айналуда, білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік артып келеді, оқу жоспарын құруға да, мазмұнның сапасы мен түлектердің дайындығын бағалауға да қатысады. Университеттің Қамқоршылық кеңесі бар - бұл ғылым, білім және өндіріс бірлігінің заманауи талаптарын қамтамасыз ететін құрылым. Жыл сайын жұмыс берушілердің қатысуымен таңдамалы пәндер каталогын қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел отырыстары өткізіледі. Жастар саясаты бөлімі білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саясатын қолдайды, білім алушы жастардың күнделікті өміріне, бос уақытына, әлеуметтік қолдау көрсету сұрақтарын ұйымдастыруға белсенді қатысады.

Университеттің ақпараттық және білім беру ресурстары әртүрлі процестерді жүзеге асыруға арналған бірқатар өзара интеграцияланған платформаларды біріктіретін Ақпараттық-бағдарламалық кешенге (АБК) біріктірілген. АБК негізгі мақсаттарының бірі - білім беру қызметін ақпараттандыру. АБК мәліметтер базасында қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырудан бастап, студенттер және олардың білім беру қызметі туралы ақпараттар, оқуға түсу және қорытынды аттестаттаудан өту туралы бұйрық қалыптастыру, білімі туралы диплом алу қамтылған және atu.hero.study платформасында орналастырылған.

Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саясатын іске асыруға сыртқы мүдделі тараптардың қатысуы органдарды сыртқы бағалау (аттестациялау, лицензиялау), үкіметтік емес және тәуелсіз органдар (аккредиттеу, рейтинг), ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл - тәжірибе базалары, білім беру бағдарламаларын жасауға, аттестациялау комиссиялары жұмысына жұмыс берушілерді тарту жұмыс процедуралары арқылы жүзеге асырылады. Университетте білім беру қызметін бақылауға мүмкіндік беретін сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) жұмыс істейді. АТУ-де құрылған, оқыту сапасын қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеу механизмдеріне білім беру бағдарламаларының мониторингі, мұғалімдердің құзыреттілігін қамтамасыз ету, келісілген критерийлерге сәйкес тұрақты ішкі аудит жүргізу, жұмыс берушілердің пікірін есепке алу және талдау кіреді.

«Химия, химиялық технология және экология»  кафедрасының барлық білім беру бағдарламалары үшін оқыту траекториялары экономиканың дамуы мен еңбек нарығының аймақтық және республикалық деңгейдегі қажеттіліктерін ескере отырып таңдалады.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде

Галерея

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз