«Жоғары математика және физика» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Карыбаева Гульназ Акыловна

физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жұмыс тел.:
8 (727) 396-71-33 (ішкі 134, 133)

Электрондық почтасы:
g.karybaeva@atu.kz, gulnaska83@mail.ru

Кафедраның мекен-жайы:
Фуркат көшесі, 348/4, 2Б корпус, 5 этаж, 519 каб.

«Жоғары математика және физика» кафедрасының негізі 1968 жылы қаланды. «Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының» Алматы филилалында ашылған күннен бастап құрамында болды. Ұйымдастырушысы және бірінші меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Мендаков Н.С. болды. Кафедраның ғылыми-педагогикалық мектебінің бірінші өкілдерінің қатарында: Бирюкова Ф.Г., Матакаева Г.С., Клунный П.П., Джумабекова Б.Ж., Джумагалиева М.Б., Ретивов Н.А., Досмаганбетов Т.Д., Бейсегулов Б.Б., Сарсенбаев Е.С., Андрюшин В.И.,  Беков А.А., Карташов В.М., Джусупова К.А., Тусеев Т.Т. және т.б. болды. Бұл есімдердің қатарында кафедра ардагері, 50 жылдан астам өмірін кафедра жұмысына арнаған, ҰОС қатысқан Булабаев Т.Б.  ерекше атап өтуге болады.

Сонымен қатар кафедраның дамуына үлкен үлесін қосқандар: Халықаралық инженерлік академияның академигі, ҚР ҰҒА академигі, АТУ профессоры Воронин А.М., ф-м.ғ.к. Карташов В.М., ХЭА академигі, АТУ профессоры Токбергенов Д.Б.

Кафедраның тарихында әр жылдары басқарғандар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Көшеров, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, ҚР ҰИА академигі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, АТУ профессоры Воронин А.М., педагогика ғылымдарының кандидаты Акилова А.Ю., т.ғ.к. Мырзагельдиева Ж.М., физика-математика ғылымдарының кандидаты Карыбаева Г.А., физика-математика ғылымдарының докторы, доцент Алиев Б.А.

Қазіргі уақытта кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының саны – 19, оның ішінде 16 штаттық оқытушы, 2 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 8 магистр.

«Жоғары математика және физика» кафедрасының миссиясы – іргелі математика және физика білімін игерген, алған білімдерін кәсіби қызметте және арнайы пәндерді оқығанда тиімді қолдана алатын, ғылым, техника және технология саласындағы жоғары білімді мамандар дайындап шығару болып табылады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға қатысады.

Оқып жүрген жастардың физика-математика пәніне қызығушылығын арттыру, талантты студенттердің өз-өзін көрсету, оларды ғылыми-зерттеу бағытына назарын аударту мақсатында «Жоғары математика және физика» кафедрасында жыл сайын АТУ студенттерінің және мектеп оқушыларының арасында физика және математика пәндерінен олимпиада өткізіледі.

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз