Тәжірибе және жұмысқа орналасу

АжБ кафедрасында 2 курс студенттерінің оқу тәжірибесі АТУ, кафедраның ғылыми зертханаларында және Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпорындарына бару арқылы жүзеге асырылады.

3 және 4 курс студенттері үшін өндірістік және диплом алды тағылымдамалар Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындарында ұйымдастырылады: «KELETT» АҚ, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және инженерия институты, «SAYMAN» ЖШС «IT Solutionse center» ЖШС, «KhBK Aksai» ЖШС, ЖШС « Теңіз», «КарлсбергҚазақстан» ЖШС, «Беккер и К» ЖШС, «Рахат» АҚ, «Шин-Лайн» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС, «NGTTeiecom» ЖШС, «Алматы ашытқы зауыты» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ » Автоматтандыру және телекоммуникациялар бөлімі.

Өндірістік тәжірибені өткізу үшін кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп, өндірістік тәжірибе бағдарламалары қарастырылып, кафедрадан және кәсіпорыннан тәжірибе жетекшілері тағайындалып, соңында студенттердің қатысуымен үш жақты келісім-шартқа қол қойылады. Студенттердің іс-тәжірибеден өтуі кезінде кафедраның өндірістік тәжірибе жетекшілері Алматы кәсіпорындарына бару арқылы студенттердің өндірістік практикаға қатысуын қадағалайды және кәсіпорындардан өндірістік тәжірибе жетекшілерімен тікелей байланыста бола отырып, студенттердің өндірістік практикадан өту сапасын бақылайды.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін студенттер есептер құрастырады, күнделіктеріне қол қояды, өндірістік практика туралы кері байланыс алады, сондай-ақ өндірістік тәжірибе және есептерді жазу нәтижелері бойынша кәсіпорындардағы тәжірибе жетекшілерінің бағасын алады.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз