«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Серикбаева Сауле Габитовна

Экономика ғылымдарының кандидаты

Жұм.тел.:
8(727) 255-76-75 (вн. 179, 117)

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы 1996–1997ж.ж. Алматы технология және бизнес университетінде құрылып, алғашқы меңгерушісі э.ғ.к., доцент Заманбеков Ш.З. болды. Содан кейін кафедраның меңгерушілері болып, э.ғ.к., доцент Исахова П.Б., э.ғ.к., доцент Надиров М.Н., а-ш.ғ.к., доцент Оразалиев Б.М., э.ғ.к., доцент Тоқтабаев А.Р., э.ғ.к., профессор Даулетбеков А.Д., э.ғ.к., доцент Жангуттина Г.О., э.ғ.д., профессор Даулетбаков Б.Д., э.ғ.к., доцент Масанова Л.Е., э.ғ.к., доцент Султангалиева Л.С, Есайдар У.С. қызмет атқарды.

Қазіргі уақытта «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы «Экономика және бизнес» факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты Асанова Алтынай Болысовна басқарады.

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының миссиясы қаржы органдары мен институттарында, сондай-ақ республика экономикасының нақты секторында жұмыс істеу үшін бәсекеге қабілетті артықшылықтары бар жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. АТУ-нің «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін Қазақстан Республикасының жоғары білікті бухгалтерлері мен қаржыгерлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы-несие жүйесіне, салық органдарына және қазынасына, меншіктің және шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысандарындағы бизнес субъектілеріне мамандар даярлауға маманданған. 

2021–2022 оқу жылының басында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар саны 449 адамды құрады, соның ішінде күндізгі оқыту нысаны бойынша – 209 адам, қашықтықтан оқыту нысаны бойынша – 240 адам. 

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз