«АТУ» АҚ-ның білім беру, ғылыми және әкімшілік қызметіне жасанды интеллект технологияларын құру, енгізу және дамыту арқылы білім сапасын арттыру, басқару тиімділігін жоғарылату және университеттің ұлттық және халықаралық білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
ЖИТДБ-ның негізгі міндеттері:
Білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын зерттеу және енгізу, соның ішінде бейімделгіш оқыту жүйелерін, интеллектуалды ассистенттерді, автоматтандырылған білімді бағалау және аналитикалық жүйелерді пайдалану;
Білім беру процесін қолдауға арналған интеллектуалды платформалар мен құралдарды әзірлеу және сүйемелдеу;
Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру, оның ішінде жарияланымдар мен есептер дайындау;
Білім беру қызметінде жасанды интеллектіні қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
Білім берудегі жасанды интеллекттің жаһандық үрдістері мен технологияларын мониторингтеу және оларды «АТУ» АҚ тәжірибесіне енгізуді бастамалау;
Білім беру ортасында ЖИ-ді этикалық, қауіпсіз және ашық пайдалану шешімдерін енгізу және сүйемелдеу, оның ішінде ЮНЕСКО-ның халықаралық нормалары мен ұсынымдарына сәйкес болуын қамтамасыз ету;
Арнайы курстар, семинарлар және тренингтер арқылы оқытушылар мен студенттердің жасанды интеллект саласындағы біліктілігін арттыру және кадрлар даярлауға жәрдемдесу;
Жасанды интеллект саласында ұлттық және халықаралық ұйымдармен, университеттермен және компаниялармен тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және гранттар алу мақсатында өзара іс-қимыл жасау.
Жасанды интеллект технологияларын дамыту бөлімінің бастығы