Жанна Бахытжановна Казангельдинаның диссертациясын қорғауы туралы хабарландыру


Жанна Бахытжановна Казангельдинаның диссертациясын қорғауы туралы хабарландыру

   «Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Казангельдина Жанна Бакытжановнаның 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша «Алабұға балықтары уылдырықтарының қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етудің ғылыми жолдары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 
    Диссертациялық жұмыс Алматы технологиялық университетінде «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасында орындалды. 
    Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
    Қорғау тілі – қазақша.
Ғылыми кеңесшілері:

  1. Уажанова Р.У., техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. 
  2. Байболова Л.К., техника ғылымдарының докторы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ  «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. 
  3.  Альберто Сепеда Саез, PhD докторы, профессор, Сантьяго де-Компостела университеті, Луго қ., Испания.

Ресми рецензенттер: 

  1. Касымов Самат Кайратович – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Тағам технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ.
  2. Жакатаева Алтынай Насыпхановна  – PhD докторы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:  

  1. Диссертациялық Кеңестің шетелдік мүшесі – Nikolova Bioleta Viktorova – PhD, Professor. Agricultural Academy, Institute of Preservation and Quality, Plovdiv (Bulgaria).
  2.  Мамаева  Лаура Асильбековна – биология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  3. Кененбай Гульмира Серикбайкызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертхана меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. 

Қорғау 2025 жылы 14 наурыз,  сағат 13.30-де  «Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте, Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, конференция залы, 212 кабинетінде өтеді.
Сайт адресі: www.atu.kz, e-mail: r.uazhanova@atu.edu.kz 
Қорғау аралас форматта ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 876 243 6555
Кіру коды: Qwerty1234

Ж.Б. Казангельдинаның диссертациялық жұмысына аңдатпа

Ж.Б. Казангельдинаның диссертациясы

А.Сепеда Саез шетел ғылыми кеңесінің пікірі

Р.У. Уажанова отандық ғылыми кеңесшінің пікірі.

Л.К. Байболова отандық ғылыми кеңесшінің пікірі

Этикалық комиссия мәжілісінің хаттамасы

Ж.Б. Казангельдинаның ғылыми еңбектерінің тізімі

Қорғау уақытының өзгеруі туралы хаттама