7М07202 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
D111 Тамақ өнімдерін өндіру(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты

Қайта өңдеу өнеркәсібін тұрақты дамуы үшін өндіріске инновациялық технологияларды енгізуде басқарушылық қызметін жүзеге асыра алатын,  ғылыми-зерттеу, педагогикалық іс-әрекеттерге қабілетті, жоғары кәсіби ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушылық мамандарды  дайындау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  • ақпаратты сыни бағалау және цифрлық технологияларды пайдалану негізінде аналитикалық мәтіндік құжаттар жасайды

  • қоршаған орта туралы, өмір, мәдениет құндылықтары туралы, қайта өңдеу өндірістерінің техникасы мен технологиясының даму үрдістері туралы ғылыми білімдердің тұтас жүйесін көрсетеді

  • ғылыми және кәсіби терминология білімін, материалды функционалдық-стилистикалық ғылыми баяндау дағдыларын, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шет тілінде іскерлік хат алмасу негіздерін көрсетеді

  • ғылыми және кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолданады

  • терең теориялық және мамандандырылған білім негізінде кәсіби қызмет саласында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізеді

  • қайта өңдеу өндірістерінің жаңа функционалдық өнімдерін әзірлеуде гендік инженерия мен биотехнологияның озық білімін пайдаланады

  • өзекті ғылыми және практикалық міндеттерді шешу кезінде зерттеулердің нәтижелерін түсіндіреді

  • қайта өңдеу өндірістері өнімдерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыратын ғылыми негізделген инновациялық шешімдерді ұсынады

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз