Академиялық ұтқырлық

Халықаралық іс-тәжірибе оқу процесінің элементі ретінде - студенттердің университетте алған білімдерін бекіту және кеңейтуді білдіреді; өндіріс жағдайында мамандық бойынша жұмыстың қажетті тәжірибелік дағдыларын игеру және шет елдердің технологиясы мен еңбегінің озық әдістерін игеру мақсатында жүргізіледі. Халықаралық іс-тәжірибенің мақсаты кәсіби құзыреттілікті бекіту, кәсіби қызметтің тәжірибелік дағдыларын алу болып табылады. Халықаралық тәжірибенің негізгі міндеттері:

  1. Мамандық бойынша кәсіптік қызмет түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін зерделеу;
  2. Теориялық білімді бекіту және осы негізде кәсіби дағдыларды,  құзыреттерді қалыптастыру;
  3. Инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерін меңгеру;
  4. Ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибе алу;
  5. Командалық жұмыс дағдыларын, корпоративтік басқару қағидаттарының құзыреттерін меңгеру;
  6. Қызметті өз бетінше жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстар орнату, рөлдік кәсіби позицияны анықтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру дағдыларын меңгеру.

Халықаралық іс-тәжірибе бағдарламасы өз мамандығының білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге әлемді көруге, жаңа құзыреттер, дағдыларды игеруге, өздерін көрсетуге және болашақ мамандығы шеңберінде табысты мансаптың берік негіздерін қалауға мүмкіндік береді.

Студенттердің халықаралық іс-тәжірибесі, бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары аясында, академиялық күнтізбеге және іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес өтеді. Кафедралардың барлық іс-тәжірибе жетекшілері практиканттармен және жетекшілерімен үнемі байланыста болды.

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз