Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

Студенттермен жұмыс басқармасының мақсаты мен негізгі міндеттері

Мақсаты:

Студенттермен жұмыс басқармасының басты мақсаты – білім алушыларды оқу үдерісінде жан-жақты қолдау, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, олардың сыныптан тыс белсенділігін дамыту, студенттердің белсенді бөлігін тәрбие жұмысына тарту, интеллектуалдық, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал ету және кәсіби әрі жеке құзыреттерін қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

  • Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру арқылы азаматтық, адамгершілік және мәдени тұлғаны қалыптастыру.
  • Білім беру ұйымында тәрбие, әлеуметтік және жастар саясаты бағытындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру.
  • Студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу, студенттік кеңестер мен клубтарға ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
  • Мәдени-көпшілік, спорттық және қоғамдық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу.
  • Студенттерге әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау.
  • Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау арқылы жастар саясатын және студенттік бастамаларды іске асыру.


Құрылымы

Студенттермен жұмыс басқармасының құрылымы:

Қызметкерлер

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз