Сапалы білім – табысты мансапқа бастар жол
АТУ-дың сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес, «АТУ» АҚ-ның қолданыстағы ұйымдық құрылымын ескере отырып, ұжым тарапынан тұрақты түрде жұмыс жағдайында қолдап отырылады және мамандарды сапалы даярлау үшін қажетті жағдайларды жасауға әрі қолдауға, соның нәтижесінде жоғары қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған. Сапа менеджменті жүйесі жоғары басшылық тарапынан тұрақты түрде талдау мен бағалаудың нысаны болып табылады, сондай-ақ қызметті жоспарлаудың және персоналды ынталандыру жүйелерін әзірлеудің негізі болып саналады.
2012–2023 жылдар аралығында сапа менеджменті жүйесі «Русский регистр» сертификаттау жөніндегі қауымдастығы және сертификаттау органдарының халықаралық желісі IQNet тарапынан сертификатталды.
2020 жылғы 2–4 желтоқсан аралығында сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттауы жүргізілді. 2021 жылғы қаңтарда «Русский регистр» сертификаттау жөніндегі қауымдастығы мен сертификаттау органдарының халықаралық желісі IQNet тарапынан 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 21.0075.026 қосарланған СМЖ сертификаты алынды, оның қолданылу мерзімі 2024 жылғы 17 қаңтарға дейін белгіленді.
2023 жылғы желтоқсанда халықаралық сертификат алу мақсатында Қазақстандағы United Registrar of Systems Ltd. өкілдігі — «URS-Kazakhstan» ЖШС тарапынан сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігіне сертификаттау аудиті өткізілді.