Жасанды интеллект технологиялары

Білім саласы: 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Дайындық бағыты: 6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Білім беру бағдарламаларының тобы: В057 Ақпараттық технологиялар

БББ мақсаты:

Жасанды интеллект саласында терең білімі мен дағдылары бар, әртүрлі қызмет салаларында ЖИ әзірлеу, қолдану және басқару міндеттерін сәтті шеше алатын жоғары білікті кадрларды даярлау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • ОН1: Экономика, кәсіпкерлік, құқық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму принциптері туралы білімін кәсіби қызметте қолданады.
  • ОН2: Математикалық тұжырымдарды дәлелдеуде, деректерді статистикалық талдауда, математикалық модельдерді құруда, математикалық әдістер мен алгоритмдерді таңдауда білімін қолданады.
  • ОН3: Кәсіби қызметте инновациялық әдістерді пайдаланып, ғылыми зерттеулер жүргізеді, баяндамалар мен ғылыми жарияланымдар дайындайды.
  • ОН4: Құрылымдық және объектіге бағытталған бағдарламалау технологияларын қолдана отырып, оңтайлы қолданбалы бағдарламалар жасайды.
  • ОН5: Заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, талдау жүйелерінде шешім қабылдауды, жоспарлауды және болжауды жүзеге асырады.
  • ОН6: Жеке тұлғаны тану процесінде биометриялық сипаттамаларды қолдана отырып, дәлдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
  • ОН7: Желілік технологияларды, қауіпсіздік және деректерді қорғау әдістерін қолдана отырып, ақпараттық қызметтерді басқарады.
  • ОН8: Мультимедиялық және бұлттық қосымшаларды әзірлеуде компьютерлік технологияны пайдаланады.
  • ОН9: Жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, деректерді талдау және шешім қабылдау үшін бағдарламалық жасақтама әзірлейді.
  • ОН10: Мехатронды және робототехникалық жүйелерді жобалайды және әзірлейді.

Кәсіби қызмет саласы (сферасы):

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Жобалық-конструкторлық қызмет: машиналық оқыту алгоритмдерін құру және жүйелерді жобалау.
  • Өндірістік-технологиялық қызмет: визуалды бақылау және ақауларды болжау жүйелерін енгізу.
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: жасанды интеллект стратегиясын әзірлеу және тәуекелдерді басқару.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі: жаңа алгоритмдерді зерттеу және жетілдіру.
  • Эксплуатациялық қызмет: ЖИ жүйелерін конфигурациялау және бейімдеу.

Кәсіби қызмет объектілері:

Машиналық оқыту, жасанды интеллект жүйелері, деректерді талдау жүйелері.

Оқыту бағытына лицензия нөмірі:

03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз