Қонақ үй және туристік менеджмент институты (HTMi, Швейцария)

Білім беру бағдарламалары

6В11102 Мейрамхана дело және қонақ үй бизнесі

6В11101 Туризм

Мамандығы

«Туризм менеджменті, қонақ үй бизнесі және іс-шараларды ұйымдастыру» (HTMI)

6В11101 Туризм («АТУ» АҚ) 

«Tourism, Hotel and Events Management» (HTMi (Швейцария))

 Білім деңгейі:

Бакалавриат

Серіктес жоғары оқу орны

Hotel and Tourism Management Institute Switzerland (HTMi, Швейцария)

 

Қос дипломдық бағдарлама қонақжайлылық индустриясындағы қазақстандық және швейцариялық оқыту стандарттарын біріктіреді. Студенттер туризм, қонақүй менеджменті және іс-шараларды ұйымдастыру салаларында заманауи білім алады, сонымен қатар HTMi халықаралық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болады.

 Бағдарламаның мақсаты

Жаһандық туризм және hospitality индустриясы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау — туристік және мейрамхана кәсіпорындарын басқара алатын, ивент-жобаларды әзірлейтін және халықаралық бизнес-ортада жұмыс істей алатын кәсіби кадрларды қалыптастыру.

Бағдарламаның артықшылықтары

  • Қос диплом — қазақстандық және швейцариялық
  • Оқытудың халықаралық стандарттары
  • Практикаға бағдарланған формат және тағылымдамалар
  • Event- және MICE-менеджмент саласында даярлау
  • Ағылшын тілінде оқыту
  • Басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерді дамыту
  • Тұрақты туризм мен инновацияларға назар аудару

Сіз нені меңгересіз

  • туризм және мейманхана бизнесіндегі стратегиялық менеджмент;
  • халықаралық туристік маршруттар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
  • туризм саласындағы маркетинг және цифрлық технологиялар;
  • қаржылық жоспарлау және сервистік басқару;
  • Халықаралық ұжымдағы мәдениетаралық коммуникация және жұмыс.

Мансаптық перспективалар

Түлектер сұранысқа ие:

  • халықаралық туристік компанияларда және туроператорлық құрылымдарда;
  • қонақ үй желілері мен курорттық кешендерде;
  • іскерлік және івент-туризм (MICE) саласында;
  • туризм саласындағы мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда;
  • меншікті кәсіпкерлік жобаларда.

 

Іске асыру форматы:

Теориялық оқыту Қазақстан-Швейцария туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі институтында «Алматы технологиялық университеті» АҚ базасында (ҚШТ МҚБИ, Қазақстан), кәсіби практика HOTEL AND TOURISM MANAGEMENT INSTITUTE SWITZERLAND ұйымдастырылады.

Оқыту тілі

Ағылшын

Берілетін дәрежелер:

Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған студенттерге мыналар беріледі:

  • «6В11101 Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр дәрежесі, АТУ АҚ-ның өзіндік үлгідегі дипломы қосымшасымен;
  • «Tourism, Hotel and Events Management» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі, HTMi (Швейцария) жоғары білімі туралы дипломы қосымшасымен;

 

 

6B11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі («АТУ» АҚ)

«Tourism, Hotel and Events Management» HTMi (Швейцария)

 

Білім деңгейі:

Бакалавриат

Серіктес жоғары оқу орны: 

Hotel and Tourism Management Institute Switzerland (HTMi, Швейцария)

Қос дипломдық бағдарлама Қазақстанның академиялық дәстүрлері мен қонақжайлылық индустриясының швейцариялық стандарттарын біріктіреді. Студенттер мейрамхана және мейманхана бизнесі, сондай-ақ іс-шараларды басқару саласында кәсіби білім алады, сонымен қатар Швейцарияда білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаның мақсаты

Халықаралық ортада тиімді жұмыс істеуге, сервистің заманауи технологияларын енгізуге және жоғары бәсекелестік жағдайында бизнесті басқаруға қабілетті жаһандық қонақжайлылық индустриясы үшін жаңа буын басқарушы - кәсіби мамандарды даярлау

Бағдарламаның артықшылықтары

  • Қос диплом: қазақстандық және швейцариялық
  • Hospitality индустриясының халықаралық стандарттары бойынша оқыту
  • Практикаға бағдарланған формат: мейманхана мен мейрамханаларда тағылымдамадан өту
  • Event-менеджмент саласында даярлау
  • Ағылшын тілінде оқыту
  • Көшбасшылық және басқарушылық құзыреттерді дамыту
  • Қызмет көрсету саласындағы тұрақты даму мен инновацияларға басымдық беру

Сіз нені меңгересіз

Оқу барысында студенттер:

  • мейманхана және мейрамхана бизнесін стратегиялық басқаруды үйренеді;
  • Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын меңгереді;
  • Қонақжайлылық саласында қаржылық жоспарлау, маркетинг және цифрлық технологиялар дағдыларын дамытады;
  • халықаралық кәсіби ортада практикалық жұмыс тәжірибесін жинақтайды;
  • мәдениетаралық коммуникация және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырады.

Мансаптық мүмкіндіктер

Бағдарламаның түлектері төмендегілерде сұранысқа ие:

  • Халықаралық мейманхана желілерінде;
  • Мейрамхана холдингтері мен басқарушы компанияларда;
  • Туризм саласында;
  • Hospitality индустриясының консалтингтік және басқарушылық құрылымдарында;
  • Қызмет көрсету және қонақжайлылық саласындағы өз стартап жобаларында.

Іске асыру форматы:

Теориялық оқыту «Алматы технологиялық университеті» АҚ базасындағы Қазақстан-Швейцария туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі институтында (ҚШТ МҚБИ, Қазақстан), кәсіптік практика  HOTEL AND TOURISM MANAGEMENT INSTITUTE SWITZERLAND ұйымдастырылады

Оқыту тілі

Ағылшын

Берілетін дәрежелер:

Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған студенттерге келесі дипломдар беріледі:

  • «АТУ» АҚ-ның «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр дәрежесі, АТУ АҚ-ның өзіндік үлгідегі дипломы қосымшасымен;
  • HTMi (Швейцария) «Tourism, Hotel and Events Management» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі және диплом қосымшасымен;

 

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз