Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы жыл сайынғы Жолдауын жариялауда.
Жолдауда еліміздің дамуының басты басымдықтары, мемлекеттің өзекті міндеттері және Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының негізгі бағыттары айқындалуда.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысуда.
Алматы технологиялық университетінің ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын тыңдауда. Жолдау еліміздің одан әрі даму бағдарларын айқындау және қоғамды жалпыұлттық мақсаттар төңірегінде топтастыру үшін маңызды мәнге ие.
Президент Жолдауы — Қазақстанның стратегиялық басымдықтары мен алдағы кезеңге арналған міндеттерін айқындайтын маңызды оқиға.


