«АТУ» АҚ 2025/2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: КОНКУРС!

«Алматы технологиялық университеті» АҚ 2025/2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті:
  • Декан – 1 бірлік.
  1. «Тағам өнімдерінің реологиясы» ғылыми-зерттеу зертханасы:
  • Аға ғылыми қызметкер – 1 бірлік.
  1. «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы:
  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.
  1. «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасы:
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.
  1. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы:
  • Сеньор-лектор – 2 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы:
  • Ассистент-профессор – 2 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 2 бірлік.
  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы:
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.
  1. «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы:
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.
  1. «Дене тәрбиесі» кафедрасы:
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы:
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.

Университеттің https://atu.edu.kz/ сайтындағы «Бос жұмыс орындары» бөлімінен университеттің әрбір факультеті бойынша бос лауазымдар тізімімен танысуға болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттарын хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсыру сұралады.

Конкурстың өткізілетін күні, орны және форматы туралы қосымша хабарланады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды электрондық пошта арқылы сканерленген нұсқада (info@atu.edu.kz) жіберуге және/немесе пошта арқылы мына мекенжайға жолдауға болады:

050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100.

Құжаттар қолма-қол жұмыс күндері сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:

050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100, Персоналды басқару бөлімі (401, 403-кабинеттер).

Анықтама телефондары: 2935298, 2935284 (ішкі нөмірлері: 111, 129).

Педагог қызметкерлер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мына сілтемеде орналастырылған:

https://drive.google.com/file/d/1owpOva1AGoczlMHQRjmxCwIF7TJ1eTOr/view

Ескерту: Сабақтарды ағылшын тілінде жүргізу үшін ағылшын тілін білу деңгейі IELTS бойынша кемінде 5.5 болуы қажет.

Қажетті құжаттар топтамасының тізімі мына сілтемеде орналастырылған:

https://drive.google.com/file/d/1JtclXu90Fjl53GN1nYeRP3gHXdTe1H36/view