«АТУ» АҚ 2025/2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: КОНКУРС!
«Алматы технологиялық университеті» АҚ 2025/2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
- «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.
- «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы:
Профессор – 1 бірлік.
- «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы:
Сеньор-лектор – 3 бірлік.
Университеттің https://atu.edu.kz/ сайтындағы «Бос жұмыс орындары» бөлімінен университеттің әрбір факультеті бойынша бос лауазымдар тізімімен танысуға болады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттарын хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсыру сұралады.
Конкурстың өткізілетін күні, орны және форматы туралы қосымша хабарланады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды электрондық пошта арқылы сканерленген нұсқада (info@atu.edu.kz) жіберуге және/немесе пошта арқылы мына мекенжайға жолдауға болады:
050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100.
Құжаттар қолма-қол жұмыс күндері сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100, Персоналды басқару бөлімі (401, 403-кабинеттер).
Анықтама телефондары: 2935298, 2935284 (ішкі нөмірлері: 111, 129).
Педагог қызметкерлер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мына сілтемеде орналастырылған:
https://drive.google.com/file/d/1owpOva1AGoczlMHQRjmxCwIF7TJ1eTOr/view
Ескерту: Сабақтарды ағылшын тілінде жүргізу үшін ағылшын тілін білу деңгейі IELTS бойынша кемінде 5.5 болуы қажет.
Қажетті құжаттар топтамасының тізімі мына сілтемеде орналастырылған:
https://drive.google.com/file/d/1JtclXu90Fjl53GN1nYeRP3gHXdTe1H36/view