«АТУ» АҚ 2025/2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: КОНКУРС!

«Алматы технологиялық университеті» АҚ 2025/2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасы:

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қоғамдық және мамандандырылған тамақтану өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша:

  • Профессор – 2 бірлік;
  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 2 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.
  1. «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы:

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 2 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы:

«Экология» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 3 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.
  1. «Тағамдық биотехнология» кафедрасы:

«Биотехнология» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Нан өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы:

«Өңдеу өндірістерінің технологиясы» (тамақ өнеркәсібі саласы) білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Профессор – 1 бірлік;
  • Қауымдастырылған профессор (ағылшын тілін білуі міндетті) – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 2 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Жоғары математика және физика» кафедрасы:

«Математика» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік.
  1. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы:

«Психология» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.

«Әлеуметтану, саясаттану» пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 3 бірлік.

«Мәдениеттану» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.

«Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.

«Философия» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.
  1. «Өндірістік процестердің машиналары мен аппараттары» кафедрасы:

«Тоңазытқыш машиналары және ауаны баптау жүйелері» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 2 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасы:

«Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Профессор – 1 бірлік;
  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.

«Роботтар және робототехникалық жүйелер» және «Өнеркәсіптік робототехника» білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша:

  • Профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.
  1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы:

«Жасанды интеллект технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.

«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Компьютерлік инженерия» кафедрасы:

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.
  1. «Экономика және менеджмент» кафедрасы:

«Менеджмент», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша:

  • Профессор – 2 бірлік;
  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 3 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 1 бірлік.
  1. «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы:

«Туризм» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік;
  • Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы – 1 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 2 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 3 бірлік;
  • Ассистент – 2 бірлік.

«Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 4 бірлік;
  • Ассистент-профессор – 2 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 3 бірлік;
  • Ассистент – 2 бірлік.
  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы:

«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.

«Қаржы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;
  • Қауымдастырылған профессор-зерттеуші – 1 бірлік.
  1. «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы:

«Шет тілі» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 4 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.

«Орыс тілі» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 3 бірлік.

«Қазақ тілі» пәні бойынша:

  • Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.
  1. «Дизайн» кафедрасы:

«Дизайн» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Сеньор-лектор – 2 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.
  1. «Бұйымдар мен тауарларды жобалау және құрастыру технологиясы» кафедрасы:

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Сеньор-лектор – 1 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.

«Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен аппараттары» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Сеньор-лектор – 2 бірлік.
  1. «Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы:

«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша:

  • Ассистент-профессор – 1 бірлік.
  1. «Дене тәрбиесі» кафедрасы:

«Дене шынықтыру» пәні бойынша:

  • Ассистент-профессор – 1 бірлік;
  • Ассистент – 1 бірлік.

«Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның https://atu.edu.kz/ сайтындағы «Бос жұмыс орындары» бөлімінен кафедралар бөлінісіндегі бос лауазымдар тізімімен танысуға болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттарын хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсыру сұралады.

Конкурстың өткізілетін күні, орны және форматы туралы қосымша хабарланады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды электрондық пошта арқылы сканерленген нұсқада (info@atu.edu.kz) жіберуге және/немесе пошта арқылы мына мекенжайға жолдауға болады:

050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100.

Құжаттар қолма-қол жұмыс күндері сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:

050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100, Персоналды басқару бөлімі (401, 403-кабинеттер).

Анықтама телефондары: 2935298, 2935284 (ішкі нөмірлері: 111, 129).

Педагог қызметкерлер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мына сілтемеде орналастырылған:

https://drive.google.com/file/d/1owpOva1AGoczlMHQRjmxCwIF7TJ1eTOr/view

Ескерту: Сабақтарды ағылшын тілінде жүргізу үшін ағылшын тілін білу деңгейі IELTS бойынша кемінде 5.5 болуы қажет.

Қажетті құжаттар топтамасының тізімі мына сілтемеде орналастырылған:

https://drive.google.com/file/d/1JtclXu90Fjl53GN1nYeRP3gHXdTe1H36/view