2024-2025 оқу жылында ТБ кафедрасының ғылыми басылымдарының жалпы саны 118 болды, оның ішінде: 3 монография, 4 оқу құралы; 26 интеллектуалдық меншік объектілеріне арналған құжат (оның ішінде: 12 авторлық құқық объектілері туралы мемлекеттік реестрге мәліметтер енгізу туралы куәлік; 3 өнертабысқа патент, 9 пайдалы модельге патент; 2 өнертабысқа патент алу үшін өтінім берілген); 50 мақала, оның ішінде 14 Scopus базасына кіретін басылымдарда, 8 Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда, 21 ҚР БҒМ КОКСНВО ұсынған журналдарда, 3 - басқа басылымдарда, 9 - шетелдік басылымдарда (оның ішінде 2 - РИНЦ); 35 баяндама (тезис), оның ішінде 9 шетелдік, 20 халықаралық; 6 республикалық.
Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдерімен бірлескен жарияланымдар саны – 19 (оның ішінде 9 Scopus базасына кіретін басылымдарда, 4 Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда); 1 шетелдік мақала, Ресей Федерациясын қоса алғанда; 4 мақала ҚР БҒМ КОКСНВО ұсынған басылымдарда; 1 республикалық баяндамалар (тезис) жинағында, РНПК.
Өнеркәсіптік және бизнес-партнерлермен бірлескен жарияланымдар саны – 6 (оның ішінде 2 Scopus базасына кіретін басылымдарда, 1 Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда); 2 мақала ҚР БҒМ КОКСНВО ұсынған басылымдарда; 1 халықаралық баяндамалар (тезис) жинағында, МНПК.
Шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдерімен бірлескен жарияланымдар саны – 10 (оның ішінде 2 Scopus базасына кіретін басылымдарда, 7 Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда); 1 мақала ҚР БҒМ КОКСНВО ұсынған басылымда жарияланған.
Тұрақты даму мақсаттары бойынша ғылыми жарияланымдар саны – 9 (оның ішінде 4 Scopus базасына кіретін басылымдарда, 5 Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда) (Қосымша 4).
«Тамақ биотехнологиясы» кафедрасының жас ғалымдары 39 жұмыс жариялады: 18 конференция баяндама тезисі (оның ішінде 12 халықаралық, 3 шетелдік), 13 мақала (оның ішінде 4 Scopus базасына кіретін, 8 ҚР БҒМ КОКСНВО ұсынған, 1 республикалық басылымда). 6 авторлық құқық объектілері туралы мемлекеттік реестрге мәліметтер енгізу туралы куәлік алынды; 1 өнертабысқа патент алу үшін өтінім берілді.
«Белокты жемдік қоспаларды қолдану арқылы мал шаруашылығының биологиялық қауіпсіз және толыққанды геродиетикалық өнімдерін алу» тақырыбында бастамашылық ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде, мемлекеттік тіркеу нөмірі 0123РКИ0018, ғылыми-зерттеу жұмысын орындау мерзімі: 2023-2025 жж. Жоба жетекшісі – техника ғылымдарының кандидаты, доцент Абжанова Шолпан Амангельдиевна.



Бейсембаева А.Б. Литва Денсаулық Ғылымдары Университетінің (Ветеринариялық Академия, Ветеринариялық Медицина Факультеті, Тамақ Қауіпсіздігі және Сапасы кафедрасының жетекші) қызметкері.

Қазангельдина Ж.Б. Литва денсаулық ғылымдары университетінің (LSMU) зертханасында, Каунас қ., Литва.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына (ҒЗЖ) қатысуы түрлі ғылыми конференциялар тезистерінде, сондай-ақ ғылыми журналдарда жарияланған зерттеу нәтижелерімен расталды. Мысалы, есепті жылы студенттер, магистранттар мен докторанттар ҒЗЖ аясында 60 еңбек жариялады (оның ішінде зияткерлік меншік нысандары бар), оның ішінде: 23 тезис конференциялар жинақтарында (11 – халықаралық, 6 – шетелдік, 6 – республикалық); 21 мақала жарияланды (15 – республикалық басылымдарда, оның ішінде: 8 – ҚР ҒжЖБМ КОКСНВО ұсынған басылымдарда; 6 – шетелдік басылымдарда, оның ішінде: 2 – РИНЦ базасында, 2 – Scopus ғылыми-метрикалық базасында).
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттермен, магистранттармен және докторанттармен бірлесе атқарған өнертапқыштық қызмет нәтижесінде 2024-2025 оқу жылында 16 қорғау құжаты алынды, оның ішінде: 8 авторлық құқықпен қорғалатын нысандарды. Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік; 2 өнертабысқа патент, 5 пайдалы модельге патент; 1 өнертабысқа патент алу үшін өтінім берілді.
Студенттер, магистранттар мен докторанттар төмендегі ғылыми конференцияларға қатысты:
ҚР жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы ұсынымға сәйкес, 2024-2025 оқу жылында университетте 1-кезең (ішкі университеттік) конкурс 2025 жылдың 17 ақпаны мен 10 наурызы аралығында өткізілді. Конкурстың 1-кезеңін өткізу үшін комиссиялар құрылды. Кафедра студенттері «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мен техникасы» бағыты бойынша қатысты.
2025 жылдың 24 ақпаны мен 10 наурызы аралығында студенттердің ғылыми жұмыстарын көпшілік алдында қорғауы өтті (баяндамалар, пікірталас және бағалау). Нәтижесінде үздік деп танылған жұмыстар наурыз айында Ғылым басқармасына жіберіліп, II турға ұсынылды.



Студенттердің жүлделі орындары үшін дипломдары
(Хритина А., Тұрсынбай А., Абышева К.А., Новоковский Д., Кәдірбек Г.К.)

«Жылдың үздік студенті»
(студент Тұрсынбай А.Қ)

БТ 21-21 тобының студенті Аскарқызы Ақнұр 2024 жылғы сәуір айында Павлодар қаласында, «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында өткен «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасындағы XVI Республикалық пәндік олимпиаданың екінші қорытынды кезеңінде


2024 жылғы сәуір айында Павлодар қаласында «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында өткен «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасындағы XVI Республикалық пәндік олимпиадасына қатысушы студенттердің сертификаттары

Жас ғалымдардың «Ғылым. Білім. Жастар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының (АТУ) III дәрежелі дипломымен Абышева К.А. марапатталады.
Басты бет Білім беру бағдарламалары Кәсіптік практика Ғылыми-зерттеу жұмысы Материалдық-техникалық база Халықаралық ынтымақтастық
Басты бет Білім беру бағдарламалары Ғылыми қызметі Тәжірибе және жұмысқа орналастыру Материалдық-техникалық база Халықаралық ынтымақтастық
Басты бет Білім беру бағдарламалары Халықаралық ынтымақтастық Жетістіктері Материалдық-техникалық база Ғылыми қызмет Практика және жұмысқа орналастыру Дипломдық жұмыстың тақырыптары Профессор-оқытушылар құрамы Дипломдық жұмыс тақырыптары
Басты бет Білім бағдарламалары Тәжірибе және жұмысқа орналастыру Материалдық-техникалық база Жетістіктері Ғылыми қызметі Халықаралық ынтымақтастық Магистрлік жұмыстардың тақырыптары Дипломдық жұмыстардың тақырыптары Докторлық диссертациялардың тақырыптары Профессор-оқытушылар құрамы Кафедраның түлектері


















