Қазіргі уақытта кафедра ұжымы Орта Азия Ассоциациясының Іскерлік қарым-қатынас және Санкт-Петербург қаласындағы И.А.Герцен атындағы педагогикалық университет, Литваның Каунас қаласындағы Техникалық жоғары оқу орнымен және Германияның алдыңғы қатарлы университеттерімен, ДААД, Гете-Институт, Британдық Кеңес сияқты халықаралық ұйымдармен шетел тілдерін үйрету саласында тәжірибе алмасу және ғылыми-практикалық, ғылыми әдістемелік конференцияларға қатысу жөнінде тығыз байланыс орнатылуда. Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің дүние жүзінің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық қатынастарды дамыту және әлемдік білім, ғылыми-техникалық, ақпараттық кеңістігіне кіруіне үлес қосуда. 2014-2015 оқу жылының қыркүйегінен бастап кафедрада «Дизайн, тоқыма және киім технологиялары», «Азық-түлік технологиялары» факультеттерінің студенттеріне DAAD-Германия (Германдық академиялық алмасу қызметі) лекторлары Яна Бом және Паулина Цитцер (2014-2016), Флориан Так (2016-2019), Торстен Кеслер (2019-2021), Кэтрин Компе (2021-2023), Анна Хесс (2024-2025) кәсіби-бағдарланған шетел тілінен практикалық сабақтар жүргізуде.
Кафедраның жас оқытушылары Қойлыбаева Р.К., Джакипова Лариса халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт халықаралық қатынастар мектебінде және Финляндияда үш айлық ғылыми-әдістемелік тағылымдамадан өтті. Кафедра доценттері Аухадиева З.Ж., Егембердиева Г.М. «Кәсіби бағытталған неміс тілі. Шетел тілін оқытудың әдістемесі/дидактикасы» атты Германияда және Италияда өткен халықаралық конгреске қатысты.
Бүгінгі күні «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы жұмысының негізгі бағыттары ретінде тілдерді үйретудегі оқу үрдісіне жаңа инновациялық әдістемелерді енгізу, оқу-әдістемелік құралдар жасау, кәсіби мақсатқа негізделген сөздіктер құрастыру және АТУ мамандықтарына арналған арнайы мәтіндер жинағын шығару сияқты нақты шараларды атауға болады.