«Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы

Кафедра меңгерушісіt

Аухадиева Зауреш Жумабаевна

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жұмыс.тел.:    
8 (727) 293-52-88(ext. 149, 131)

E-mail:
zauresh.59@mail.ru

Мемлекеттік және шетел тілдері кафедрасының негізі сонау 1970 жылдары қаланды. Ұзақ жылдар бойы кафедраға профессор Ергазиева Нарима Исмаилқызы(1976-2000) басшылық етті. Кафедраның әдістемелік базасының қалыптасуы Нұрзағыш Шакенқызы Кенжебаева, Қуатбек Молдабекұлы Молдабеков, Бейсенкүл Құлманқызы Құлманова сияқты республикамыздың жеңіл өнеркәсіп саласы мен тағам өндірісі мамандарына тілді оқытуға баға жетпес үлес қосқан белгілі оқытушылар есімдерімен тығыз байланысты.

2001-2006 жылдары аталған кафедраны профессор Мереке Хафизовна Танкибаева басқарса, 2006-2009 жылдары доцент Далила Сламбековна Кусаинова, 2009-2010 жылдары доцент Назгуль Абаевна Таирова, ал қазіргі уақытта филолгоия ғылымдарының кандидаты, доцент Зауреш Жумабаевна Аухадиева басқарады. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары білікті ұстаздардан жасақталған. Солардың ішінде кафедра оқытушыларының творчестволық тұрғыдан дамуына ат салысқан профессор Нарима Исмаилқызы Ергазиеваның еңбегін атап кеткен жөн. Қазақ тілі пәнінен 50 –ден астам оқулық пен оқу-әдістемелік құралдар жазған профессор Бектұров Шапкен Кәрібайұлы да ұзақ жылдар бойы осы кафедрада қызмет істеген.

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз