Педагогика ғылымдарының кандидаты, Серикбаева Гульшат Жапарғалиқызы басшылық ететін қазіргі «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы университеттің барлық мамандықтары бойынша қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде білім бере отырып, болашақ түлектердің тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға ат салысуда.
Кафедраның оқу және ғылыми-педагогикалық жұмыстарының басты бағыттарының бірі - студенттердің таңдап алған мамандықтары бойынша тілдік кәсіби деңгейін көтерудің концепциясын жасау.
Кафедраның ғылыми - әдістемелік жұмысы кәсіби тілдің экономиканың әр саласында қолданылуы ерекшеліктерін зерттеуге, студенттердің қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыруда оңтайлы әдістемелерді жақсартуға арналған. Оқытушылардың баяндамалары мен ғылыми еңбектерінің тақырыптары қазіргі заман талабына сай білім беру саласында инновациялық әдістемелер мен аталған саладағы көкейкесті мәселелерге арналған. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері студенттерге, қашықтықтан оқитын студенттерге, магистранттарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарда жарияланып тұрады. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері университет оқу бағдарламаларының профиліне сәйкес студенттік топтарда жұмыс істеуге, күндізгі оқу нысанындағы магистранттар мен докторанттарға арналған заманауи оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарда көрініс тапқан. Өткен оқу жылдарында кафедра оқытушылары жалпы көлемі 329,4 б.т. құрайтын 280 ғылыми баспа жұмыстарды, оның ішінде 1 монография, 22 оқу құралын, Комитет ұсынған журналдарда 20 ғылыми мақала, Scopus деректі базасында 7 мақала жарияланды.АТУ-дың 1 курс студенттері ғылыми конференциялар мен әр түрлі олимпиадаларға қатысып соңғы 3 оқу жылында 15 халықаралық 1 дәрежелі дипломдарды жеңіп алды.