Жетістіктері

Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы шығараған монографиялары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, ғылыми мақалалары тілдерді үйретудің өзекті мәселелеріне арналған, мәселен Кұлажанов К.С., Бектұров Ш.К., Бөпішева Б.С. «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет мамандарына арналған қазақ тілі», Сағымова А.С., Аухадиева З.Ж. «Қазақ тілі С1-2 деңгейі», «Биотехнология» мамандығы бойынша Есенова Э.М., Джакипова Л.С. «Профессионально-ориентированный английский язык».

Білім берудің озық технологиясына және кредиттік жүйесіне көшуге байланысты кафедра мүшелері оқу үрдісіне тілдерді оқытудың инновациялық әдістерін енгізуде. Профессорлық-оқытушылар құрамының ұжымдық және авторлық ғылыми-әдістемелік еңбектері: Ергазиева Н.И., Низамова М.Н., Есетовой А.Т. «Учебно-методический комплекс по практическому курсу русского языка для студентов, обучающихся по кредитной технологии», Бессчетнова Л.В. «Русский язык уровень В2», Жакипова М.Н., Сапарова А.А. «Профессиональный русский язык», Аухадиева З.Ж., Сағымова А.С. «Экономикалық мамандықтарға арналған кәсіби қазақ тілі», Маринова Н.И., Еженова А.А. «Профессионально-ориентированный английский язык», Аухадиева З.Ж. «Іскерлік қазақ тілі», Егембердиева Г.М. «Deutsch für den Beruf», Есенова Э.М. «Грамматика английского языка», Низамова М.Н., Нурпеисова Г.М., Текеева Г.К. «Профессиональный русский язык» студенттердің дәрісханада және өз бетінше жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы жұмысының негізгі бағыттары ретінде тілдерді үйретудегі оқу үрдісіне жаңа инновациялық әдістемелерді енгізу, оқу-әдістемелік құралдар жасау, кәсіби мақсатқа негізделген электронды сөздіктер құрастыру және АТУ мамандықтарына арналған арнайы мәтіндер жинағын шығару сияқты нақты шараларды атауға болады.

2022-2023 оқу жылында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының 90%-ға жуығы біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқытушылар өздерінің ғылыми және кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүдделі. Сонымен қатар, алған білімдері мен дағдылары кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулерінде және студенттермен жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарында, мақалалар, баяндамалар мен оқулықтарында өз көрінісін табады. Оқытушылардың оқу үдерісіндегі заманауи инновациялық тәсілдер туралы игерген білімдері мен тәжірибесі кәсіби дайындық процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ, АТУ университеттерінің білікті оқытушылары ұйымдастырған «Шетел тілін оқыту әдістемесін жетілдіру (09.0-16.01.23)», «Тілді үйрету технологияларын қолдану (04.01-14.01.2023)», «Онлайн оқытушы: онлайн оқытудың тиімді әдістері мен құралдары (23.01-02.02.2023 ж.)» атты семинарларына қатысып өз білімдерін жетілдірді.

Жетістіктері

АТУ қызметкерлеріне арналған «Қысқы мектеп» шарасы аясында 2025 жылғы 13 қаңтарда ГиИЯ кафедрасының аға оқытушысы Абдуллаева А.А. семинар өткізді. Семинар тақырыбы: «Цифрлық даму дәуіріндегі заманауи оқыту әдістері: Жасанды интеллект» Іс-шараның мақсаты: АТУ қызметкерлерін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне негізделген заманауи оқыту тәсілдерімен таныстыру, сондай-ақ білім беру үдерісіне ЖИ енгізудің практикалық әдістерін талқылау. Семинарда қарастырылған негізгі мәселелер: Цифрландыру жағдайындағы білім берудің трансформациясы; Оқыту мен білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі; Интеллектуалды оқыту жүйелері мен бейімделетін технологиялар; Жоғары білім беруде ЖИ қолдану мысалдары; Білім беру саласына ЖИ енгізудегі этикалық мәселелер мен сын-қатерлер. Өткізу форматы: Семинарда теориялық бөлімі бар презентация, оқу тәжірибесіндегі ЖИ қолдану кейстерін көрсету, сондай-ақ қатысушылармен пікірталас және сұрақ-жауап сессиясы өтті. Нәтижелері мен қорытындылары: Семинар қатысушылары білім берудегі цифрлық трендтер туралы өзекті ақпарат алды, оқу курстарына ЖИ интеграциялау мүмкіндіктерін талқылады және осы бағытта кәсіби дамуға қызығушылық білдірді.

 

  

 

«Республика күніне орай "МжШТ" кафедрасының аға оқытушысы марапатталды» 2024 жылдың 25 қазанында Республика күніне орай өткен салтанатты іс-шара барысында «Мемлекеттік және шетел тілдері»кафедрасының аға оқытушысы Нурпеисова Гульжахан Муратбековна университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Университет ректоры Талғат Құлажанов Нурпеисова Г.М.-ның оқу ордасының ғылыми-оқу үдерісіне қосқан еңбегін жоғары бағалап, өзінің алғысын білдірді. Бұл марапат – білім беру саласындағы табанды еңбектің және кәсіби шеберліктің айғағы. Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!

 

Серікбаева Гүлшат Жапарғалиевна, Алматы технологиялық университетінің «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының ассистент-профессоры 2024 жылғы 15 сәуірде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылым мен білімнің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «ТМД-ның үздік зерттеушісі – 2024» төсбелгісімен марапатталды. Тіркеу нөмірі: № 046 Марапаттау орны: Астана қаласы Аталған марапат Гүлшат Жапарғалиевнаның кәсіби және ғылыми қызметінің жоғары деңгейде екенін, халықаралық деңгейде мойындалғанын растайды.

 

Мемлекеттік және шетел тілдері кафедрасындағы сөйлесу клубтары: еркін қарым-қатынас пен тілдік дағдыларды дамыту алаңы 2024 жылдан бастап, 2025 жылы да жалғасын тауып, мемлекеттік және шетел тілдері кафедрасы ағылшын, орыс және қазақ тілдері бойынша сөйлесу клубтарын белсенді түрде өткізіп келеді. Бұл клубтардың қатысушылары — тілдік дағдыларын бейресми әрі достық жағдайда жетілдіруге ниетті студенттер, магистранттар және докторанттар. Сөйлесу клубтары тұрақты түрде ұйымдастырылып, күнделікті өмір, мәдени айырмашылықтар, кәсіби терминология және өзекті әлеуметтік мәселелер сияқты кең тақырыптарды қамтиды. Әрбір кездесу қатысушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға, еркін сөйлеу дағдысын дамытуға және сөздік қорын байытуға бағытталған. Ұйымдастырушылар қатысушылардың белсенділігі мен еркін пікір алмасуын қамтамасыз ететін қолайлы орта қалыптастыруға ұмтылады. Мұндай формат тек тіл деңгейін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, креативтілік пен мәдениетаралық түсінікті дамытуға мүмкіндік береді. Кафедра барлық қатысушыларға алғысын білдіреді және болашақта сөйлесу клубтарына жаңа студенттерді қосылуға шақырады. Біз бірге еркін және сенімді сөйлеуге үйренеміз!

 

 

 

 

 

 

2024 жылдың 28 қарашасында АТУ-да профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Жеке көзқарас және студенттердің қажеттіліктеріне бейімделу: тиімді өзара әрекеттесу тәжірибесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараның спикері Мемлекеттік және шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Серікбаева Гүлшат Жапарғалиқызы болды. Семинар барысында қатысушыларға студенттердің қажеттіліктері, дайындық деңгейі және жеке ерекшеліктеріне бағытталған жекелендірілген білім беру үдерісін құрудың тиімді тәсілдері ұсынылды. Спикер оқу қажеттіліктерін диагностикалау әдістеріне кеңінен тоқталып, практикалық кейстерді қарастырып, инклюзивті білім беру ортасын құруға арналған құралдарды ұсынды. Коммуникация, студенттердің мотивациясы және оқытушы мен білім алушы арасындағы сенімді қарым-қатынас орнату мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара интерактивті форматта өтті, қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және студенттерді оқыту мен сүйемелдеу мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды. Қорытынды: Семинар-тренинг ПОҚ-ның кәсіби құзыреттілігін арттыруға, педагогикалық және әдістемелік тәсілдер қорын кеңейтуге, сондай-ақ білім беру қызметіндегі жеке көзқарас практикасын нығайтуға ықпал етті.

 

 

 

2025 жылдың 21 ақпанында Мемлекеттік және шетел тілдері кафедрасы мен АТУ Ғылыми кітапханасының бірлесуімен көрнекті ғалым, академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Е.А. Бөкетов – ғылым мен білімнің сәулетшісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның жауапты ұйымдастырушылары: Мемлекеттік және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі – Сеpікбаева Г.Ж., Сеньор-лектор – Сагимова А.С., АТУ Ғылыми кітапханасының жауапты қызметкері – Сауытбек Арайлым Нұрболқызы. Дөңгелек үстелдің арнайы қонақтары: АТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры – Қ.С. Батхолдин, ДТжКТ факультетінің деканы – Сарттарова Л.Т., АТУ Ғылыми кітапханасының директоры – Төлекова Б.Т. Іс-шара барысында Е.А. Бөкетовтың ғылым мен білім саласындағы ерен еңбегі мен тұлғалық болмысы кеңінен талқыланды.

 

 

 

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз