Заведущая кафедры
Такей Ергенгүл
«Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасы 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Жалпы техникалық факультетінің негізінде құрылды. Кафедраның құрылуына жеңіл және тоқыма өнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар мен мамандар: т.ғ.д., профессор Досхожаев Досмұхамед Тілеуліұлы, профессор Вагнер Ионнарт Альбрехтович, профессорлар Хромцов Сергей Владимирович, Құтжанова Айкен Жұматайқызы, Худова Любовь Николаевна, доценттер Шкунова Любовь Владимировна, Козырев Виктор Александрович, Жақсыбаева Камшат Алпысбайқызы, Зингер Эмма Эдуардовна үлкен үлес қосты. Құрылған сәтінен бастап 2000 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., профессор Хромцов Сергей Владимирович басқарды.
Кафедра миссиясы - текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы, азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігі, сонымен қатар аралас жұмыс саласында жоғарғы білікті, түбегейлі дайындалған, жасампаз ойлайтын, бәсекеге тұрақты және үнемі өзгеріп отыратын талаптарға жақсы бейімділген мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау.
Кафедра мақсаты - жаңа білімділік және информациялық технологияларды, тәжірибе және ғылыми-интеллектуалды мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жастардың заманауи сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау.
Кафедра міндеті - текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы, текстиль және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының қауіпсіздігі мен сапасын бағалау саласында сұранысқа ие, жоғары білікті, бәсекеге тұрақты, интеллектуалды және инженерлі-техникалық білімі бар мамандар дайындау.
Тоқыма өндірісінің технологиясы кафедрасының меңгерушісі
Лектор
Доцент, PhD
техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, аға оқытушы
Лектор
Лектор
Лектор
Ассистент
PhD, аға оқытушы
т.ғ.к. аға оқытушы