8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Білім беру саласы
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары
Даярлау бағыты
D114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы
БББ мақсаты
Кәсіби ортада ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметке қабілетті текстиль материалдар технологиясы және жобалануы саласындағы жоғары іргелі, ғылыми және кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері
- текстиль материалдары мен бұйымдары өндірісінің технологиялық процестерін модельдеу және талдау әдістері, жаңа білімдерді талдайды және генерациялайды
- текстиль материалдары мен бұйымдарды сертификаттық сынау нәтижелерін талдайды, тоқыма материалдар мен бұйымдарды өндірудің технологиялық процесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді
- текстиль материалдарының, бұйымдардың және оларды дайындаудың технологиялық процестерінің инновациялық жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жүзеге асырады
- ғылыми-зерттеу жұмыстарында текстиль материалдары мен бұйымдарын өндіруде ғылым мен озық технологияның қазіргі жетістіктерін пайдаланады
- зерттеудің жаңа әдістеріне, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінінің өзгеруіне өзіндік білім алу қабілетін көрсетеді
- зерттеу әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, қызмет объектілерінің (шикізат, иірімжіп, мата, трикотаж бұйымдары, беймата, технологиялық процестер) сапа көрсеткіштерін сынап талдайды
- ғылыми-эксперименталдық зерттеулер жүргізуде өзінің көзқарастарын дәлелді түрде көрсетеді
- өнім өндірісінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін неғұрлым негізделген инновациялық шешімдерді талдайды және қолданады
- ғылыми мәтіндерді жазу, құрылымдау, форматтау, сипаттау стилі мен әдістерін таңдау қабілетіне ие