Tuesday, April 23, 2024

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 игі іс!

Ата – бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі.  Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

2021 жылдың 28 мамыр күні Алматы технологиялық университетінің тағам технологиялары факультетінің студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «30 игі іс» атты қайырымдылық акциясын жүргізді.

Акцияның мақсаты – жағдайы төмен жандарға қолдан келгенше аянбай көмек көрсету, үлкендерге құрмет, кішіге ізет, мейірімді арттыру. Акция барысында  “Перзент” қайырымдылық балалар үйі мен тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік  үлестірілді.

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиенің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Көмек сұраған адамға қайырымдылық қолын созып, оның қажеттілігіне бейжай қарамайтын факультетіміздің студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамы бұл бағыттағы жұмысын алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз. 

 «Тағам технологиялары»  факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының
қауымдастырылған профессоры  А.И.Матибаева