Thursday, April 25, 2024

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған ұстаз. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған, жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың  теңіздей толқып тасыған інжу — маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен тұлға.

Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр.

Маңызды күнді ұлықтау барысында ағымдағы жылдың 14 қазан күні «Тағам технологиялары» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының  ТПП-21-13, ТППЖ-19-12, ТМРП-19-11 топтарының студенттері мен эдвайзер-кураторлары Матибаева А.И., Джетписбаева Б.Ш., Абильмажинова Н.К. ұйымдастырумен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты Ыбырай Алтынсариннің жүзеге асыруға тырысқан мақсатын жүзеге асыру және ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады. Студенттер Ыбырай Алтынсариннің әлемімен сыр шертіп, өлеңдерін, шығармаларын оқыды.

Ұлы ұстаз болашақтан үлкен үміт күтті. Сол үмітті біз ақтау керекпіз.

«Тағам технологиялары» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының эдвайзер-кураторлары: Матибаева А.И., Джетписбаева Б.Ш., Абильмажинова Н.К.