Friday, March 29, 2024

Наурыз ● Сәуір 2021

ҰСТАЗ - ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

Бауыржан Момышұлы

Өзімнің 50 жылдық ұстаздық жолыма көз жүгіртсем, ең алдымен, есіме ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді тұңғыш ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. 1960 жыл. Ол кездерде жеті жасқа 1 ай толмаса, мектепке қабылдамайтын кез еді ғой. Ал мен қарашаның соңында дүниеге келіппін. Мектепке қабылдамады. «Жасы толмаған» деп әке-шешем де мектеп киімін алмаған еді. Ала жаздай бірге ойнап жүрген дос балалар мектепке бара жатқанда, көштен қалу маған оңай болмады. «Жоқ, мен де оқимын. Бәрі мектепке кеткенде, мен қалам ба?» деп, қолыма бір дәптер мен қарындаш ала салып, бірге жүрген жолдастарының арттарынан қалмай, мен де сыныпқа кірдім. Ешбір рұқсатсыз-ақ күнде бірге ойнап жүрген Гүлназдың қасына жайғастым. Үстімде көк ала гүлді көйлек. Айналамда мектеп формасын киіп отырған балаларға қарап қызығып, өзімнің үстімдегі гүлді көйлектен аздап қысылып та отырмын. Сәлден соң Хадиша апай да келді. Бірінші партада отырған мені көріп: «Қарлыға, сенің жасың кіші, келер жылы оқисың ғой» деді. Мен үндемедім. Менің қозғала қоймағаным әсер етті ме, әлде басқа ойы болды ма, кім білсін, апай мені сыныптан шығарып жібермеді. Осылайша, көк гүлді көйлегіммен сабаққа келіп жүрдім. Апай маған да дәптер, қалам берді. Балалардан қалыспай күндегі тапсырманы орындап, жазуды да, оқуды да әжептәуір меңгере бастадым…

Дүниетаным

Экстремизммен күрес – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«Отанды сүю – Иманнан» — деген айдармен газет бетінде жарияланған мақаланың ізін суытпай осы мақаланы жазуыма, 35 жылдай құқық қорғау органдарында, соның ішінде, 25 жыл прокуратура саласында, 10 жыл облыс деңгейінде судья болған – Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті қызметкері, әкем Мәтібаев Ыбырай қажының діни экстремистік, террористік әрекеттермен байланысты болған аса ауыр қылмыстарды судья лауазымында болған кезеңде қарап, түбегейлі шешім қабылдағаны түрткі болды. Қылмыстық істегі, яғни жариялануға болатын мән-жайларды ескере отырып, әкемнің рұқсатымен газет бетінде жариялауды жөн санадым, өйткені ондағы келтірілген құнды деректер студенттерімізге ой салары анық.

Әкем Ыбырай қажы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында судья лауазымында болған кезеңде діни экстремистік, террористік әрекеттермен байланысты болған аса ауыр қылмыстарды жасаған 15 сотталғандарға қатысты істі, олардың апелляциялық  шағымдары негізінде, апелляциялық сатыда қарап, түбегейлі шешім қабылдаған. Ең соңында, аталған іс Жоғарғы Сотта да негізінен қаралып, бірінші және апелляциялық сот шешімдері өз күшінде қалған, қазіргі таңда заңда күшінде.

Рухани жаңғыру

Үш тілді тұғырлы елім – Қазақстан

Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтеру мен бірдей десек, қателеспеген болармыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» — деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Ескерте кетуіміз керек, елбасымыз әлемдік саяси аренада өз беделі бар, бүкіл әлемді бақылауға алып отырған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун үлкен құрметпен қарайтын, жер жүзінде алғашқы өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан, бейбітшілікті сүйетін және белсенді насихаттап жүрген үлкен тұлға. Демек, әлемдік беделі бар үлкен тұлғаның әрбір сөзінен күмән, күдік іздеудің өзі бізге, халыққа сын. Елбасымыз берген уәдесін орындай алатын Қазақстанның №1 жауапты тұлғасы. Осыны есте сақтаған жөн.

«Үш тұғырлы тіл» мәселесін халық дұрыс түсінбей отыр. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пен ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады. Яғни, орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ тілінің көлеңкесінде, ығында жүреді.

Өзгеше оқыту

Студенттерді қашықтықтан оқыту кезіндегі тәрбиелік іс-шаралар

Тәуелсіз еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуына және өркениетіміздің жандануына тікелей үлес қосатын жас ұрпақ екендігі белгілі. Өз кезегінде жас ұрпақты тәрбиелеу, санасына ұлттық негіздерді сіңіру  көбінесе тәрбиелік іс-шараларды өткізу барысында орын алады. Өйткені тәрбие мен білім әр өркениетті елдердің басты назардағы міндеті болып табылады.  Жас ұрпақ жан-жақты білімі бар, мәдениетті және тәрбиелі болып, өскен ортасына пайдасын тигізуі керек. Сондықтан да, білім ордалары заман талабына сай жастарды тәрбиелеуде, олардың бойына өз отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында көптеген іс-шараларды өткізуде. Және қоғамның дауында өзіндік үлесін қосқан ақындар мен жазушыларды дәріптей отырып, олардың бойындағы жақсы қасиеттерін сіңіруде өткізіліп жатқан тәрбие сағаттары болашақтың кілтімен әдемі үйлесімін табуға көмектеседі. Себебі тәрбие – адамзат қоғамындағы адамгершілік пен мәдениеттілікті, ізгілікті сақтаудың және білімді қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

Қазіргі уақыттағы келеңсіз жағдайларға қарамастан Алматы технологиялық университетінің, «Тағамдық биотехнология» кафедрасында бірнеше мерекелік іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралардың бірі ақиық ақын, өлеңімен халықтың жүрегінде өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына бағытталды.

Инновационные технологии

Подготовка специалистов в области метрологии, Стандартизации и сертификации

Кафедра «Безопасность и качество пищевых продуктов» Алматинского технологического университета при обучении будущих специалистов разрабатывает и применяет  инновационные технологий обучения в образовательном процессе для будущих специалистов в области метрологии, стандартизации и сертификации. Проделана большая работа по формированию базовых, ключевых компетенций, также активно применяются  инновационные подходы к образовательным технологиям: радикальные, комбинированные, модифицирующие.

В области метрологии, стандартизации и сертификации, как и в других областях, существуют проблемы, связанные с дефицитом квалифицированных специалистов не столько по числу, сколько по качеству профессиональной подготовки. Основной компонентой данных проблем является качественная оценка профессиональных компетенций будущих специалистов. Также и со стороны работодателей повышаются требования: как к личным качествам, так и к уровню профессиональных компетенций у выпускников высших учебных заведений. Меняются представления о самой системе контроля качества подготовки специалистов, поскольку на первый план выходят не внутренние требования системы образования, как было раньше, а внешние запросы рынка труда, обеспечение которых начинает рассматриваться в качестве ключевых условий успеха подготовки специалистов.

Студенческие будни

Первый шаг в науку

Одним из основных направлений в процессе обучения в вузе, которое способствует развитию профессиональных качеств студентов, является научно-исследовательская работа. Научно-исследовательская работа направлена на формирование у студентов навыков самостоятельного исследовательского труда, творческой инициативы и развития  способности применять научные знания, полученные при изучении учебных дисциплин, для компетентного решения профессиональных задач в будущем. Такие  качества помогают  студентам успешно продолжать образование, чтобы в дальнейшем реализовываться на рынке труда, стать конкурентоспособными профессионалами. 

Министерством образования и науки Республики Казахстан ежегодно проводится Республиканский конкурс научно-исследовательских работ студентов в высших учебных заведениях. Основные задачи конкурса НИРС — развивать интерес студентов к исследовательской работе, стимулировать их к продолжению научной деятельности и, в целом,  содействовать наращиванию интеллектуального  потенциала страны.  

Олимпиада «Цвети, мой Казахстан!»

С 26 февраля по 1 марта 2021 года преподаватели секции русского языка кафедры «Государственный и иностранные языки» провели олимпиаду по русскому языку среди студентов 1 курса казахского отделения.

Девизом олимпиады стало выражение: «Победа не всегда означает быть первым. Победа – это когда ты стал лучше, чем ты был!». Из-за пандемии коронавирусной инфекции пришлось изменить привычные подходы к организации и проведению предметной олимпиады. В изменившихся условиях нашей главной заботой стало сохранение здоровья студентов, преподавателей. Именно поэтому олимпиада прошла впервые в онлайн режиме, и это повлияло на выбор формы проведения наших конкурсов.

Рухани мұра

«Хакім Абайдың 11 қара сөзі жайлы бір үзік сыр»

Өмір-өзен. Өтеді де кетеді. Оралып қайтып келмейді. Қамшының сабындай қысқа өмірде, адамзатқа айтарлықтай, керекті ақыл-өсиет айтып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, артына өшпес із қалдыратын тұлғалар қазақ тарихында аз болмаған.

Солардың бірегейі де, бірі де, қазақ халқының ұлы ақыны Абай десек қателеспейміз. Абайды оқымай, қазақты білем деу ағаттық, оның мұрасы қазақ өмірінде, кейінгі ұрпақтарымен бір тұрмақ. 

Хакім Абай өзінің кіршіксіз ақжүрегін тебіренткен, сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді. Абайдың айна бұлақтай мөлдір, түпсіз түңғыйық теніздің суындай, мірдің оғындай сөздері бізге жөн сілтеуде. Оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп естілед.

Білгенге Маржан

Көңіл-күйдің өтемі

Дағдарыс сәтінде көңіл-күйдің бүлінуі қалай болатынын бақылау өте қызық. Оңтүстіктегі шипажайлардың бірінде орын алған оқиға. Достарымызбен бірге демалыста едік. Кешкілік жағажайдағы барда ірі денелі бір ер адам барменмен сөзге келіп қалды. Жағдай ушығып, ер адамның әлпеті өзгере берді. Бұл жағдай немен бітерін кім білсін, осы сәтте ер адамның жанына әйелі келе қалды. Аласа бойлы, кішкентай ғана сүйкімді әйел. Жанына тақап келді де, қолынан ақырын ұстап, бәсең дауыспен баяу бірдеңелерді айта бастады. Қып-қызыл болып ашуланып, жын буып тұрған ері әп-сәтте басылды. Бірден жүні жығылып, жарқын-жарқын шыққан дауысын бәсеңдетті. Әйелінің алдында ақталып жатқандай көрінді. 5 минуттан кейін еркек мүлде ашуын тыйып, әйелімен бірге тып-тыныш сыртқа шығып кетті.  

«Жастар кубогы – 2021» атты факультет аралық пікірсайыс турнирі өтті

Сәуірдің 17-18 күндері университетіміздегі «Жастар» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығана орай «Жастар кубогы – 2021» атты факультет аралық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге әр факультеттен құралған 20 команда және 40 спикер қатысып, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде пікірсайыстың әдемі өрнегін көрсеткен фракциялар жеңімпаз атанды.

Қ.С. ҚҰЛАЖАНОВ — редакция алқасының төрағасы, АТУ президенті, академик

Редакция алқасы:
Т.Қ. Құлажанов — АТУ ректоры, академик
Б.К. Нұрахметов — бірінші проректор, профессор
Л.К. Байболова — ОӘЖ жөніндегі проректор
Қ.С. Батхолдин — тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор
Ш. Абелдаева — қоғаммен байланыс бөлімі бастығы
Ж.М. Түсіпова — РББ меңгерушісі

Редакторы: Әйгерім Әсемхан
Көркемдеуші және беттеуші: Нариман Телақынов

Құрылтайшы: «Алматы технологиялық университеті» АҚ
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеуге алынып, есепке қою туралы № 6336-Г куәлігі 08.02.2006 жылы берілген.

Айына 1 рет шығады. Таралымы 500 дана.
Тапсырыс № 269
Редакцияның мекен — жайы:
050012. Алматы қ-сы, Төле би көшесі, 100, тел: 292-55-95

Жарияланған мақаладағы автор пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді. Газетке жарияланған мақала көшіріліп басылса, сілтеме жасалуы міндетті.
Газет редакциялық — баспа бөлімінде беттелді.