Menu Close

Оқытушыларға

Бакалавриат – 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар студенттердің диплом жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік ететін Ұлттық біліктілік шеңберінің 8 деңгейіне сәйкес келетін тиісті бейін бойынша оқытушыларды және (немесе) мамандарды басқаруды жүзеге асыру.

Магистратура – сұратылған бағыттың бейініне сәйкес келетін «ғылым кандидаты» немесе «ғылым докторы» немесе «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» ғылыми дәрежесі немесе «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесі немесе «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесіне (бұдан әрі – басылымдар Тізбесі) енгізілген басылымдарда соңғы бес жыл ішінде 5 ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Сitescore (сайтскор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.

Докторантура – ғылыми жетекшілікті «ғылым кандидаты» немесе «ғылым докторы» немесе «философия докторы (РhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесі немесе «философия докторы (РhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесі немесе «философия докторы (РhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» дәрежесі бар:
– 8D05 «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», 8D06 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», 8D07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», 8D08 «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», 8D09 «Ветеринария», кадрларды даярлау бағыттары бойынша WebofScienceCoreCollection (Вэб оф Сайнс Кор коллекция), JCR деректері бойынша 1, 2, 3-квартильге кіретін немесе Сitescore (сайтскор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын не Хирш индексі 2 және одан көп халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 мақаланың;
– қалған даярлау бағыттары бойыншпа ғылыми басылымдар тізіліміне енгізілген бейіні бойынша басылымдарда 5 ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded, Social Science CitationIndex немесе Webof Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор) базаларының бірінде индекстелетін не Сitescore (сайтскор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының жүзеге асыру