8D07206 Азық-түлік емес заттар мен бұйымдардың қауіпсіздігі

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
D114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты

Текстиль және жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен бұйымдарының, сондай-ақ басқа да азық-түлік емес тауарлардың қауіпсіздігі саласында жоғары білімді, іргелі дайындалған, креативті ойлайтын, бәсекеге қабілетті және үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделген ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  • жаһандану және интернационализация жағдайында отандық ғылым дамуының қазіргі бағыттары мен заңдылықтарын түсінеді

  • тоқыма материалдары мен азық-түлік емес тауарлардың қауіпсіздігін талдау және бағалау әдістерін, жаңа білімдерді талдайды және генерациялайды

  • тоқыма материалдары мен азық-түлік емес тауарларды сертификаттық сынау нәтижелерін талдай алады, азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігін зерттеу әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейд

  • зерттеу әдістері мен құралдарын пайдалана отырып қызмет объектілерінің (шикізат, иірімжіп, мата, трикотаж жаймалар мен бұйымдар, тоқыма емес материалдар және т. б.) қауіпсіздік көрсеткіштерін сыни талдайды

  • ғылыми зерттеулер мен ұжымдарды басқару кезінде кәсіби қызмет саласының міндеттерін шешу бойынша өз көзқарасының дәлелді баяндалуын көрсетеді

  • өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін өзгертуге, жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше оқытуға қабілетін көрсетеді

  • азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бағалау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін терең мамандандырылған кәсіби теориялық білімді қолданады

  • азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігін арттыру үшін неғұрлым негізделген инновациялық шешімдерді талдайды және қолданады

  • ғылыми мәтіндерді жазу, құрылымдау, форматтау, сипаттау стилі мен әдістерін таңдау қабілетіне ие

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз