8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
D114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты
Кәсіби ортада ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметке қабілетті текстиль материалдар технологиясы және жобалануы саласындағы жоғары іргелі, ғылыми және кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері
текстиль материалдары мен бұйымдары өндірісінің технологиялық процестерін модельдеу және талдау әдістері, жаңа білімдерді талдайды және генерациялайды
текстиль материалдары мен бұйымдарды сертификаттық сынау нәтижелерін талдайды, тоқыма материалдар мен бұйымдарды өндірудің технологиялық процесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді
текстиль материалдарының, бұйымдардың және оларды дайындаудың технологиялық процестерінің инновациялық жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жүзеге асырады
ғылыми-зерттеу жұмыстарында текстиль материалдары мен бұйымдарын өндіруде ғылым мен озық технологияның қазіргі жетістіктерін пайдаланады
зерттеудің жаңа әдістеріне, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінінің өзгеруіне өзіндік білім алу қабілетін көрсетеді
зерттеу әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, қызмет объектілерінің (шикізат, иірімжіп, мата, трикотаж бұйымдары, беймата, технологиялық процестер) сапа көрсеткіштерін сынап талдайды
ғылыми-эксперименталдық зерттеулер жүргізуде өзінің көзқарастарын дәлелді түрде көрсетеді
өнім өндірісінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін неғұрлым негізделген инновациялық шешімдерді талдайды және қолданады
ғылыми мәтіндерді жазу, құрылымдау, форматтау, сипаттау стилі мен әдістерін таңдау қабілетіне ие