8D04 Бизнес, басқару және құқық(Білім беру саласы)
8D041 Бизнес және басқару(Даярлау бағыты)
D072 Менеджмент және басқару(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты
Елдің және өңірдің даму келешегін ескере отырып, кәсіби және ғылыми құзыретіліктерге ие және басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдауда оларды қолдана алатын жоғары буынның біліктігі жоғары басқарушы кадрларын дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері
аналитикалық мәтіндік қызметке, ақпаратты сыни бағалауға және сандық технологияларды қолдануға байланысты ғылыми және кәсіби коммуникация технологияларын қолданады
ғылыми мектептер туралы білімдерін, олардың теориялық және практикалық әзірлемелерін, сонымен қатар экономика және менеджмент саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамаларын көрсетеді
жаһандану және интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымның заманауи тенденциялары мен даму заңдылықтары туралы пайымдаулар жасайды
пәнаралық білімді зерттеу процесіне кіріктіре алады, өзіндік ізденістер арқылы үлес қосады, менеджмент саласындағы бар білім аясын кеңейтеді, ұлттық және халықаралық рецензияланған басылымдарда көрсете алады
өз білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың қоғамға хабарлай отырып, басқару саласында жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға жетелейтін турбулентті бизнес-ортада жаңа теориялар мен практиканы зерттеуді, әзірлеуді, іске асыруды жүргізеді
ұйымды басқарудың іргелі және қолданбалы мәселелерін шешу үшін менеджменттің заманауи теорияларын, тәжірибелері мен тәсілдерін сыни тұрғыдан бағалай және тиімді біріктіре алады
кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, саланың, қоғамның технологиялық және әлеуметтік дамуы мақсатында стратегиялық басқару саласында инновациялық нәтижелерге талдау, бағалау және енгізу жүргізеді
ұйымның даму сценарийлерін модельдеуге және болжауға және басқарудың тиімді шешімдерін жасауға қабілетті
педагогикалық қызметті жүзеге асырады, білім беру бағдарламаларын жобалайды, оқыту технологияларын бейімдейді және дамытады