7M07531 Стандарттау, сертификаттау және метрология (тағам саласы бойынша)

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (тағам саласы бойынша)(Даярлау бағыты)
М130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (тағам саласы бойынша)(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Өнімдерді, қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін стандарттау және сертификаттау саласында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бар, стандарттау және сертификаттау саласында өнеркәсіп үшін жоғары білікті кадрларды даярлау

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Өндірістік қызметтің әр түрлі салаларында шет тілін меңгерген, көпшілік алдында сөйлеу, аргументация дағдыларын меңгерген

  • Өндірістік қызметте стандарттау және сертификаттау саласында жоспарлау, ұйымдастыруды басқару, коммуникация және шешім қабылдау білімін, басқару функцияларын көрсетеді

  • Өндірістік қызметтегі сәйкестікті растау үшін техникалық реттеу саласындағы инновациялық технологияны қолданады, әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікірлер қалыптастыру үшін ақпарат жинайды және түсіндіреді

  • Стандарттау және сертификаттау, практикалық қызметтегі аккредиттеу саласындағы ұйымдастырушылық және басқару қызметіндегі практикалық дағдыларды қолданады, ақпаратты, идеяларды, тұжырымдарды, проблемалар мен шешімдерді мамандарға да, маман емес адамдарға да нақты және бірмәнді түрде жеткізеді.

  • Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған өндірісте сапа жүйесін әзірлеу және енгізу туралы білімін қолданады, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, кеңірек пәнаралық контексте мәселелерді шешу үшін өзінің білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде қолданады.

  • Сертификаттау жүйелерін құрудың жаңа перспективалық әдістерін қолданады және техникалық бағдарламалық құралдарды пайдаланады, техникалық объектілерді талдайды және диагностикалайды

  • Тамақ өнеркәсібінде сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесін енгізу білімін, түсінігін және кәсіби деңгейде мәселелерді шешу қабілетін қолдану арқылы көрсетеді.

  • Академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, стандарттау және сертификаттау, кәсіпорындарда сапаны басқару, кәсіпорын есептерін дайындау, азық-түлікті бақылау әдістері және техникалық объектілерді диагностикалау саласында тәжірибелік зерттеулер жүргізу дағдыларына ие.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз