7M07502 Метрология

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (тағам саласы бойынша)(Даярлау бағыты)
М130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (тағам саласы бойынша)(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Технологиялық процестер мен өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласында кәсіби, ғылыми-педагогикалық дайындықтың терең, жүйелік теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті кадрларды даярлау

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Ғылыми қызметтің түрлі салаларында шет тілін меңгерген, әртүрлі ой-пікірдің логикасын практикалық талдауға қабілетті және дайын, көпшілік алдында сөйлеу, аргументация дағдыларын меңгерген, пікірталастар мен полемиканы жүргізеді

  • Тарих және философия ғылымы саласындағы білімді пайдалана отырып, ғылыми көзқарастың біртұтас жүйесін негізге ала отырып, пәнаралық, соның ішінде жан-жақты зерттеулерді жобалайды және жүзеге асырады

  • Орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет жүргізеді, метрология саласында инновациялық технология мен ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін қолданады

  • Метрология және техникалық реттеу саласындағы алгоритмдер мен математикалық үлгілерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді жүргізудің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қабілетті

  • Метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін сертификаттау, ОАӘ тестілеу және бақылау саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке қабілетті, әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірлерді ескере отырып, қорытынды жасау үшін ақпарат жинайды және түсіндіреді.

  • Бағдарламалық жасақтама мен цифрлық және технологияны қолдана отырып, пәнаралық кең көлемде өлшеу процестерінің сенімділігі, өндірістегі сынақ жабдықтарын сертификаттау мәселелерін білуге, түсінуге және шешуге қабілетті болады.

  • Жобалық іс-әрекеттегі техникалық объектілерді диагностикалау жұмысын кәсіби деңгейде ұйымдастырады, білімді, түсінуді және өндірісті жобалау және технологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қабілеттілігін кең пәнаралық жағдайда қолданады, бағдарламалық жасақтама мен цифрлық технологияны қолдану дағдыларына ие

  • Өлшеу бірлігі саласындағы ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін зерттеулер жүргізеді, кәсіпорындарда сапаны басқару, кәсіпорындардың есептілігін жүргізу, өлшеу процестерін бақылау әдістерін меңгерген, тағам кәсіпорындары мен техникалық реттеу орталықтарында техникалық нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін зерттеулер жүргізеді.

  • Метрологияның ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық мәселелерін, өлшеу процестерін бақылау әдістерін, диагностикалауды және техникалық объектілерді, техникалық нормативтік құжаттарды әзірлеуді шешу кезінде білімді кейіннен пайдалану үшін сынақ нәтижелерін өңдеуге қабілетті. Ғылыми – зерттеу және инновациялық қызметтің мақсатты бағдарламасын әзірлейді

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз