7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М071 Инженерия және инженерлік іс(Даярлау бағыты)
М100 Автоматтандыру және басқару(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты:
Агроөнеркәсіптік кешеннің азық-түлік және өңдеу салаларындағы технологиялық үдерістерді автоматтандыру бағыты бойынша, сондай-ақ автоматты жүйелерді жобалау, құру, пайдалану және басқару дағдыларын меңгерген білікті мамандарды даярлау
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
Интеллектуалдық және аналитикалық дағдыларды жетілдіруге және дамытуға, ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік және шет тілдеріндегі әдеби, іскерлік және ауызша сөйлеуді қолдануға қабілетті.
Техникалық және экономикалық есептеулерге негізделген ғылыми, техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдайды, автоматтандырылған басқару жүйесін құру немесе жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Орындаушылар командасының жұмысын ұйымдастырады, техникалық құжаттаманы жасайды, кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі бойынша есеп құжаттамасын дайындайды, өндірістік бөлімшелердің жұмысын талдайды.
Белгісіздік пен тәуекел бойынша техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешім қабылдау дағдыларына ие.
Автоматты басқарудың экономикалық тиімді автоматтандырылған жүйелерін әзірлеуде және енгізуде заманауи әдістер және құралдарды, заманауи озық технологиялар мен жабдықтарды, теориялық білімдерді, жобалау принциптерін және әдістерін қолданады.
Инновацияларды ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлейді, зерттеудің техникалық және экономикалық тиімділігін бағалайды, заманауи АБЖ-ін жобалау, ендіру және орналастыру.
Автоматтандыру және басқарудың қазіргі заманғы үрдістері туралы деректерді игерген және технологиялық процесстерді автоматтандыру жүйелерін басқаруда инновациялық әдістері мен заманауи құралдарды қолданады.
Пәнаралық контексте жаңа ортадағы мәселелерді шеше білу, түсіну және білу қабілеттерінің кәсіби деңгейіне қолданылады.