7М06 Информационно-коммуникационные технологии(Білім беру саласы)
7М061 Информационно-коммуникационные технологии(Даярлау бағыты)
М094 Информационные технологии(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты:
Болашақ маманға қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамыту негізінде заманауи жағдайда кәсіби қызметтің практикалық және теориялық мәселелерін шешуге дайын, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды жан-жақты және сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
Мәдениетаралық, ғылыми қарым-қатынас жағдайында кәсіби қарым-қатынастарды құру, жаңа ақпараттық ресурстар мен технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейту және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту үшін кәсіби қызметінде шет тілінде қарым-қатынас жасау үшін лингвистикалық, коммуникативтік құзыреттерді қалыптастыру.
Болашақ IT-мамандардың басқару іс-әрекетіндегі кәсіби-психологиялық құзыреттілігін қалыптастыру және басқару психологиясының теориялық және әдістемелік негіздерін, жұмыс күшін басқару психологиясын білу.
Түлектерді экономика, менеджмент және бизнес саласындағы біліммен, құзыреттермен, тәжірибелік дағдылармен, көшбасшылық қасиеттермен және мәселелерді шешу дағдыларымен қаруландыру.
Жалпы алғанда және нақты пәндік салалардағы нақты мәселелерді шешуде инженерлік жобалаудың әртүрлі тәсілдерін, бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа тенденциялары мен концепцияларын тәуелсіз талдау дағдыларын дамытады.
Ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану барысында ақпараттық технологияларды жетілдіру және игеру бойынша жұмыстарға қатысуға дайындығын талдайды.
Әдістерді, басқаруды, ақпараттық және зияткерлік технологияларды дамытудың отандық және әлемдік тенденциялары негізінде техникалық объектілерді басқарудың функционалдық мәселелерін зерттеу үшін математикалық және жүйелік талдаудың адекватты әдістерін және шешімдер теориясын қолданады.
Микропроцессорлардың құрылғыларын, оны жасау технологияларын, қазіргі микропроцессорлардың түрлерін, ақпараттық өлшеу жүйелерінде және бағдарламалық инженерияда қазіргі микропроцессорларды қолдану ерекшеліктері мен жұмыс әдістерін оқу.
Инновациялық қызметті ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлейді, зерттеулердің техникалық және экономикалық тиімділігін бағалайды, үлкен деректерді өңдеуді және кешенді деректерді қорғау мен қауіпсіздікті пайдалана отырып, заманауи ақпараттық жүйелерді жобалауды жүзеге асырады.