7M04162 Менеджмент

7М04 Бизнес, басқару және құқық(Білім беру саласы)
7М041 Бизнес және басқару(Даярлау бағыты)
М072 Менеджмент және басқару(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Экономиканы және өндірісті ұтымды басқаруды қамтамасыз ететін теориялық және практикалық білімдерге ие, басқару қызметін білетін, эксперименталды-зерттеу, өндірістік және басқа да қызмет түрлері дағдыларын меңгерген, жоғары білікті мамандарды дайындау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби қарым-қатынас жасауға қабілетті

  • Қазіргі заманғы ұйымдарда мәселелерді шешу және тиімді басқару мақсатында психологиялық білімді қолдана білетіндігін көрсетеді
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіпорындарды басқару кезінде мәселелерді сәйкестендіру, бизнес процестерді бағалау, талдау үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады
  • Инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды шешеді, кәсіпорынды, өңірлік және салалық ауқымдағы құрылымдарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша басқарушылық қызметті жүзеге асырады
  • Кәсіпорынның қызметін дамыту бойынша стратегиялық жоспарларды, жаңа жобаларды әзірлеу үшін менеджмент құралдарын қолданады
  • Жаңа ұйымдарды құру мен дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын бағалайды
  • Тамақ өнеркәсібі компанияларының даму стратегиясын, ұйымдық даму, өзгерістер бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді
  • Ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін кәсіби және ғылыми қызметте менеджмент саласындағы әдіснама мен әдістер білімін дербес қолданады, ақпаратты, қорытындыларды нақты хабарлайды.
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз