7M04161 Экономика

7М04 Бизнес, басқару және құқық(Білім беру саласы)
7М041 Бизнес және басқару(Даярлау бағыты)
М070 Экономика(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Экономика, кәсіпкерлік және бизнес саласында терең теориялық және практикалық дайындыққа ие, экономикалық қатынастардың барлық деңгейлерінде шешімдерді әзірлеу және енгізу үшін негізгі кәсіби функцияларды іске асыруда жоғары дайындық деңгейіне ие жоғары білікті мамандар дайындау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби қарым-қатынас жасауға қабілетті
  • Қазіргі заманғы ұйымдарда мәселелерді шешу және тиімді басқару мақсатында психологиялық білімді қолдана білетіндігін көрсетеді
  • Тамақ өндірісі саласы кәсіпорындарының қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті бастапқы деректерді талдайды
  • Экономикалық объектілердің қызметін талдайды, өндірісті ұйымдастырудың қажетті нысандарын таңдайды, басқарушылық шешімдер қабылдайды, процестерді, құбылыстарды, жағдайларды сипаттау және болжау үшін модельдерді құрады және пайдаланады, бұл ретте олардың сапалық, сандық талдауы мен синтезін жүзеге асырады
  • Белгісіздік, тәуекел жағдайында бизнестің мінез-құлық үлгілерін жасайды және тәуекелдерді басқару және инновациялық қызмет бойынша ұсыныстар әзірлейді
  • Жаһандық ортадағы экономикалық агенттер мен нарықтардың мінез-құлқын экономикалық және стратегиялық талдау әдістерін меңгерген
  • Ресурстарға қажеттілікті, белгісіздік пен тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешу кезінде оларды пайдалануды жоспарлайды және бағалайды
  • Үлкен көлемдегі ақпаратты, статистикалық және есептік деректерді, түрлі дереккөздерді өңдейді, ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін зерттеу деректерін түсіндіреді
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз