Өнеркәсіптік робототехника

Білім беру бағдарламалары
B064 – Механика және металл өңдеу

Оқу мерзімі
4 жыл

Оқу ақысы
800 000 теңге

Профильные предметы
Математика және Физика

ЖАҢАЛЫҚ АШ, РОБОТОТЕХНИКАНЫ ТАҢДА!

«Өнеркәсіптік робототехника» білім беру бағдарламасы ең өзекті және заманауи мамандықтардың бірі. Әсіресе, технологияның үздіксіз дамыған дәуірінде біздің еліміздің ғылымына қызықты идеялары бар шығармашыл, ақылды және мақсатты жеке тұлғалар қажет.

«Өнеркәсіптік робототехника» білім беру бағдарламасын таңдай отырып, сіздің зерігуге уақытыңыз болмайды, өйткені білімге апарар жол қызықты әрі жаңа мүмкіндіктерге толы.


Оқу орнында қандай
білім аламын?

  • Студент университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады
  • Техникалық машина жасау өндірістерін құру, монтаждау, іске қосу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау
  • Техникалық талдау жүйесінің құрылымын, роботтың оңтайлы кинематикалық схемасын, басқару жүйесін таңдау кезінде ақпаратты қорытуды ажырата білу


Оқу бітірген соң кім
болып жұмыс істеймін?

  • Электронды техникалық қызмет көрсету инженері
  • Робототехника, бағдарламалау бағытында университеттерде оқытушы
  • Роботтар жүйесін құрастырушы
  • Робототехника бағдарламашысы
  • Инженерлік графика дизайнері


Оқу бітірген соң мен қайда
жұмыс істеймін?

  • Робототехникалық авиациялық және космонавтикалық конструкторлық бюроларда
  • Әр түрлі бағыттағы ғылыми орталықтарда: медицина, ғарыш, мұнай өндіру және т.б
  • Робототехникаға мамандандырылған компанияларда
  • Машина жасау зауыттарында
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз