Цифрлық энергетика

Білім беру бағдарламалары
В062 – Электр техникасы және энергетика

Оқу мерзімі
4 жыл

Оқу ақысы
850 000 теңге

Профильные предметы
Математика және Физика

ЦИФРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА — ЭНЕРГОТИІМДІ БОЛАШАҚҚА ЖОЛ!

Цифрлық энергетика — бұл энергетика, автоматтандыру және ақпараттық технологиялардың синтезі.

Мақсаты — цифрлық шешімдер, интеллектуалды басқару жүйелері және деректерді талдау технологиялары арқылы энергетиканы «ақылды», тұрақты және тиімді ету.

Бұл – Smart Grid (Ақылды желілер), интеллектуалды есепке алу жүйелері және Smart City (Ақылды қала) инфрақұрылымдарының негізі, мұнда ресурстар, көлік және жарықтандыру нақты уақыт режимінде ЖИ мен IoT көмегімен басқарылады.
 


Оқу орнында қандай
білім аламын?

  • Энергетикалық жүйелерді жобалау
  • Smart Grid (Ақылды желілер) және энергияны интеллектуалды басқару
  • Цифрлық технологияларды қолдану (SCADA, IoT, Big Data, цифрлық егіздер)
  • Энергетикалық менеджмент және тұрақты даму
  • Энергия тұтынуды талдау және болжау
  • Цифрлық платформалармен және симуляторлармен жұмыс


Оқу бітірген соң кім
болып жұмыс істеймін?

  • Цифрлық энергетикалық жүйелер инженері
  • Энергетикалық жүйелерді жобалаушы
  • Smart Grid және энергоаудит бойынша маман
  • Энергетика инженері
  • Энергетика саласындағы деректер аналитигі
  • Энергетикадағы цифрлық шешімдерді енгізу инженері


Оқу бітірген соң мен қайда
жұмыс істеймін?

  • ЖЭО, СЭС, АЭС және басқа да энергетикалық кәсіпорындарда
  • Электр желілері мен сервистік ұйымдарда
  • Энергетикаға арналған цифрлық шешімдер әзірлейтін IT-компанияларда
  • Инжинирингтік және жобалау ұйымдарында
  • Энергетика саласындағы мемлекеттік органдар мен реттеуші құрылымдарда
  • ТКШ және коммуналдық мекемелерде
  • Ғылыми-зерттеу институттары мен энергетикалық консалтингтік орталықтарда
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз