Құрметті оқытушылар мен студенттер!
«Алматы технологиялық университеті» АҚ 2025 жылдың 2 мамыр күні Қазақстан ЖЖОКБҰ студенттері арасында «В045 Аудит және салық салу» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XVIІ Республикалық пәндік олимпиаданың (бұдан әрі-РПО) ІІ кезеңін өткізеді.
РПО өткізу нысаны – «Цифрландыру дәуіріндегі есеп және аудит: тұрақтылық, ашықтық, тиімділік» тақырыбына бизнес-квест.
II кезеңге қатысуға арналған өтінімдер (XVIІ Республикалық пәндік олимпиада) 2025 жылғы 25 сәуірге дейін (қоса алғанда) olimpiadafingram@gmail.com электрондық поштасына хат тақырыбында «ЖЖОКБҰ_РПО_өтінім» деп көрсету арқылы жіберілуі тиіс.
РПО-ға қатысу үшін конкурстық пакет құрамы:
1) РПО-ның 1 кезеңінің қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖЖОКБҰ Ғылыми кеңесінің хаттамасымен рәсімделген шешімі;
2) әрбір қатысушының оқу орнынан анықтама;
3) жеке куәлік / паспорт(көшірмесі);
4) қатысушының өтінімі (авторлар және ғылыми жетекші туралы мәліметтер)
XVI Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінің жеке біріншілігі жеңімпаздарының дипломдары
B068 білім беру бағдарламасы-азық-түлік өндірісі
Тургунов Эльдарбек Рустамжанович
Абдулланова Амина Молдабековна
B076 білім беру бағдарламасы-Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
Ғұмарова Жангерім Қайырғалиқызы
Білім беру бағдарламасы В070-тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдар
Шахимуратова Дайана Досболовна
6b06102 білім беру бағдарламасы-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6b07104 білім беру бағдарламасы-Роботтар және робототехникалық жүйелер