Ғылыми кітапхана

Ақпарат және ұтқырлық оқыту мен білім берудің екі құрамдас бөлігі ретінде оқытушы мен студент арасындағы, университет пен кітапхана арасындағы өзара байланысты оқу процесін сүйемелдейді, сондықтан АҚ «АТУ» Ғылыми кітапхана жұмысының басты бағдары – қызмет көрсету сапасын арттыру және пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру. Университет білім беру бағдарламаларын толық меңгеру үшін білім алушылардың кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, ақпараттық деректер базасына, электронды кітапхана жүйесінде орналасқан халықаралық дереккөздерге еркін қол жетімділігін қаматамасыз етеді.

Бүгінгі таңда кітапхана қоры оқу процесінің, академиялық білім беру мен ғылыми зерттеулердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған оқу және ғылыми басылымдарды, ЖОО оқытушылары еңбектерінің деректер базасын, анықтамалық және көркем әдебиетті, мерзімді басылымдарды қамтитын баспа түрінде 940 000-нан астам дананы құрайды, бұл қор жыл сайын 10 000 дана көлемінде толықтырылып отыр. 8 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетіледі - бұл тек студенттер ғана емес, сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, университеттің бардық бөлімшелерінің  қызметкерлері (кітапхананың жалпы ауданы 2168,9 ш.м., 2 абонемент, 4 салалық оқу залы, 2 электронды ресурстар орталығы, жалпы отыратын орын саны – 390 + жатақханалардағы оқу залдары).

Кітапханада өзіндік жеке электронды ресурстар жасалып, оған  лицензиялық сыртқы ресурстар біріктіріледі (EBSCO-АҚШ, ZNANIUM-Мәскеу, ЛАНЬ-Санкт-Петербург, IPR SMART-Саратов, "GREBENNIKON" - Мәскеу, "Wiley", РМЭБ, РҒТБ, Ғылым Ордасы – Қазақстан). ЭКЖ келісім шарттары Ұлттық және шетелдік дерекқорлардың электрондық толық мәтінді ресурстарының көлемі 110 000-нан астам құжатты құрайды. АТУ ғылыми кітапханасының сайты

Жыл сайын кітапхана 400 мыңнан астам тіркелулер жасалып, 800 000 дана кітап, журнал, газет беріледі, сонымен қатар қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдардың 300-ден астам атауына жазылым жүреді. 2000 жылы кітапханада Интернет-зал ашылды, келе бере электронды ресурстар орталықтары болып қайта құрылды, бұл жерге жыл сайын 20 мыңнан астам пайдаланушы жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпаратты өз бетінше іздеу үшін барады. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге "IPR SMART" - мобильді құрылғыларға арналған WV-Reader IPRbooks ақпаратына визуалды байланыссыз арнайы кітаптармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы автономды бағдарлама қолжетімді. Студенттер мен профессорлық-оқытушы қауымға дәстүрлі және online режимде Telegram Чат «Кітапхана байланыста» арнасы арқылы қызмет көрсетіледі.

Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мақсатында, мәтіннің өзіндік ерекшелігін анықтау туралы ережеге сәйкес Ғылыми кітапхана оқушылардың жазба жұмыстарын «Антиплагиат ВУЗ» бағдарламасына тексереді (Келісім шарт)

Ғылыми кітапханада өзінің бай ақпараттық әлеуетін оқырмандар барынша пайдалануы үшін үлкен ақпараттық жұмыс-тренингтер жүргізіледі — бұл кітап көрмелері, әр кафедра үшін ақпараттық бюллетень, әдебиеттердің ашық көрсетілімдері, виртуалды көрме - Жаңа басылымдар тізімі. Университет кафедраларының оқу бағдарламалары бойынша пәндік кітапханашы бекітілген, өзара тығыз байланыс жұмыс жасаудың нәтижесінде " Ғылыми кітапханадағы кафедра күндері"өткізіледі, Әдістемелік қамтамасыз ету картасы жасалады және студенттермен ("Кітапханашыдан сұра") оқу процесі үшін қажетті әдебиеттерге өтінімдер мен сатып алулар зерделенеді, бұл сатып алынатын ақпараттық ресурстардың сапасын жақсартуға алып келді, кітапхана оқу процесіне, студенттердің білім алуына көмектесуге бағытталған жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін табуда үнемі ізденісте.

 

Бізбен қалай байланысуға болады?

Ғылыми кітапхананың мекен-жайы:

Қазақстан, 480012

Алматы қ., Төле би к-сі, 100,

АТУ Бас оқу ғимараты, 3 қабат;

Тел.: +7 (727) 293 53 19 (157, 185)

web site: https://library.atu.edu.kz чат: «Библиотека на связи»

Райымбек даңғылы 348/5 мекен-жайындағы ғылыми кітапхана бөлімшесі:

Қазақстан, 480061

Алматы қ., Райымбек даңғылы 348/5

АТУ ғимараты, 3Б оқу корпусы, 2 қабат;

Тел.: +7 (727) 276 97 06 (124)

Қызметкерлер

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз