Сапа менеджмент жүйесі

Сапалы білім – табысты мансапқа жеткізеді

Халықаралық ISO 9000 сериясы стандарттарының негізінде «Білім беру қызметіндегі және мамандарды дайындаудағы сапа менеджемент жүйелерін» енгізу және қолдау Алматы технологиялық университетінің (АТУ) дүние жүзілік ғылыми-білім беру кеңістігіне кіруіне мүмкіндік береді.

СМЖ қолдану аясы лицензиялауға сәйкес мамандықтар және бағыттар бойынша жоғары және жоғары кәсіби білім алудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жоғары және ЖОО кейінгі кәсіби білімі бар кадрларды дайындықтан өткізу бойынша білім беру қызметіне қатысты.

2003-2004 және 2004-2005 оқу жылдарында Алматы техникалық университетінің сапа менеджемент жүйесін (АТУ СМЖ) әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. 2005-2006 оқу жылының қазан айында АТУ халықаралық сертификаттық аудит жүргізілді, нәтижесінде 2005 жылы 27 қазанда Moody International Certification (Ұлыбритания) компаниясымен университетке № 40047 СМЖ Сертификаты берілді.

АТУ СМЖ жұмыс жағдайында ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес қолданыстағы АТУ ұйымдық құрылымына қарай ұжыммен қолдайды және мамандарды сапалы даярлаудың жағдайын құруға және қолдауға бағытталған, сондықтан жоғары қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің жетістіктері жүйелі талдаудың және жоғары басқарма жақтан бағалаудың нысаны, қызметті жоспарлаудың және персоналды мотивациялау жүйесін әзірлеудің негізі болды.

2012 жылдан бастап 2023 жылға дейін сапа менеджмент жүйесі «Русский регистр» сертификаттау жөніндегі қауымдастығы және «IQNet» сертификаттау жөніндегі органдардың халықаралық желісі сертификаттады.

2020 жылы 2-4 желтоқсан аралығында сапа менеджмент жүйесі қайта сертификаттаудан өтті. 2021 жылдың қаңтар айында СМЖ «Русский регистр» қауымдастығының сертификаттау жөніндегі 2021 жылы 18 қаңтарда № 21.0075.026 куәлігін және «IQNet» халықаралық желісі ұйымының сертификаттау жөніндегі қос куәлігін 2024 жылдың 17 қаңтарына дейінгі мерзіммен алды.

2023 жылдың желтоқсан айында United Registrar of Systems Ltd. Қазақстандағы өкілдігі «URS Kazakhstan» ЖШС халықаралық сертификат алу үшін СМЖ ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит жүргізілді.

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз