Тұрақты фармацевтикалық өндіріс

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы

Қоршаған ортаға техногендік әсерді азайтуға және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған тұрақты фармацевтикалық өндірісті дамыту стратегиясы. Тұрақты фармацевтикалық өндірістің негізгі қағидаттары: қалдықтардың пайда болуын болдырмау, жаңартылатын шикізатты пайдалану, қауіпсіз фармацевтикалық өнімді құру, қалдықтарды өндіру мен қайта өңдеудің циклдік технологиясын қолдану, су, энергетика және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Мақсаты

Орнықты және экологиялық қауіпсіз фармацевтикалық өндірісті дамыту саласында фармацевт-технологтың кәсіби қызметін басқару мен дағдыларын жоспарлауды қалыптастыру

Оқыту нәтижелері

  • Фармацевтикалық өндірісте шикізатты кешенді пайдалану стратегиясын жүзеге асырады;
  • Фармацевтикалық өндірістің шикізат ресурстары мен қалдықтарын тиімді пайдалану әдістері мен тәсілдерін таңдайды;
  • Фармацевтика саласындағы қалдықсыз технологияларды дамытудың негізгі принциптерін қолданады;
  • Өндірісті тиімді басқару үшін техникалық-экономикалық талдау әдістерін таңдайды;
  • Әртүрлі деңгейдегі фармацевтикалық нарықты талдайды және оның негізінде басқару стратегиясын
  • Қалыптастырады;
  • Фармацевтикалық өндірістің экономикалық тиімді және экологиялық таза технологияларын әзірлеу кезінде модельдеуді қолданады;
  • Фармацевтикалық өндіріс процестері мен жабдықтарын технологиялық бақылауды оңтайландырады.

Пәндер

  • Фармацевтика саласында шикізатты кешенді пайдалану және қалдықсыз технологиялар - 5 академиялық кредит
  • Фармацевтика саласының экономикасы - 5 академиялық кредит
  • Фармацевтика саласындағы кәсіпорындардағы менеджмент - 5 академиялық кредит
  • Фармацевтикалық өндірістің технологиялық процестерін модельдеу - 5 академиялық кредит
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз