Экологиядағы цифрлық технологиялар

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды басқару және ұтымды пайдалану саласында цифрлық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы мен болашағы. Цифрлық технологиялар туралы жалпы түсініктер: жасанды интеллект; жерді қашықтықтан зондтау; ұшқышсыз ұшу аппараттары; заттар интернеті технологиясы; үлкен деректер, сандық егіз. Экологияда цифрлық технологияны талдау және практикалық қолдану. Заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, өндірістік объектілерді автоматтандырылған картографиялау, геоақпараттық технологиялар, экологиялық модельдеу. Жасанды интеллект және экожүйені қалпына келтіру

Мақсаты

Экологиялық зерттеулер мен табиғатты пайдалануда қолданылатын заманауи цифрлық құралдар мен технологиялар туралы түсініктерді қалыптастыру

Оқыту нәтижелері

  • Қоршаған ортаны қорғау сала-сында цифрлық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы мен болашағын бағалайды;
  • Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін шешуде цифрлық технологияларды қолданады;
  • Климаттық ақпаратты өңдеу және талдау үшін әртүрлі цифрлық технологияларды қолданады;
  • Кәсіпорындардың өмірлік циклін арттыру үшін өндіріс ресурстары мен қалдықтарын басқару принциптерін қолданады;
  • Тұрақты өндірістің практикалық міндеттері мен мәселелерін шешуде жасанды интеллектті қолданады;
  • ТДМ-нің 17 мақсаты бойынша экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы жаһандық проблемаларды талдайды;
  • ТДМ тұжырымдамаларына қол жеткізу және іске асыру үшін деректерді өңдеу және талдау үшін әртүрлі цифрлық технологияларды пайдаланады

Пәндер

  • Қоршаған орта және цифрлық технологиялар - 5 академиялық кредит
  • Климат және цифрлық технологиялар - 5 академиялық кредит
  • Тұрақты өндіріс және цифрлық технологиялар - 5 академиялық кредит
  • ТДМ және цифрлық технологиялар - 5 академиялық кредит
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз