Мансап орталығы

МО мақсаты

«АТУ» АҚ түлектерін жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

  • Бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту және іске асыру.
  • «АТУ» АҚ бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
  • Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру.
  • Жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту.
  • Студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды(бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін, жұмыс беруші компаниялардың презентацияларын, қонақ дәрістерін, мастер-класстар, оқыту семинарларын, экскурсиялар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу.
  • Түлектермен олардың мансабын бақылау үшін байланыс орнату, қолдау және дамыту.
  • Компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, түйіндеме жазу және жұмысқа қабылдау кезінде сұхбаттан өту бойынша тренингтер ұйымдастыру.
  • Еңбек нарығын талдау және нарықтың даму үрдістері мен жұмыс берушілердің мамандарға қойылатын талаптары туралы ақпаратты талдау.
  • Студенттер мен түлектер үшін жұмыс беруші ретінде әрекет ететін кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
  • Бакалавриат БББ оқу жоспарларында көзделген кәсіптік практикаларды ұйымдастыруда бітіртіп шығарушы кафедраларға көмек көрсету.
  • Жергілікті билік органдарымен, оның ішінде халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және еңбек нарығындағы түлектердің жағдайын жақсартуға мүдделі бірлестіктермен өзара іс-әрекет жасау.
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру.
  • Студенттерге еңбек нарығының жай-күйі мен тенденциялары туралы, жұмыс іздеушіге қойылатын талаптар туралы ақпараттарды жинақтау, қорытындылау, талдау және беру, тиісті мамандықтар бойынша жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындарының банкін қалыптастыру.
  • Бакалавриат білім алушыларының кәсіптік практикасының барлық түрлерін жоспарлау, ұйымдастыру және есепке алу.
  • Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне арналған шарттарды тіркеу.
  • Студенттердің кәсіптік практикасы мен жұмысқа орналасуын ұйымдастыру тәжірибесін жүйелеу және жинақтау, студенттерді жұмысқа орналастыру мен практикалық оқытудың тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  • Мамандардың одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мәселелерін шешу кезінде олардың қажеттілігін анықтау.
  • ҚР және жекелеген өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, еңбек нарығының жай-күйін талдау және болжау негізінде түлектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
  • «АТУ» АҚ түлектерін бөлуді және жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жүйесін әзірлеу.
  • Сұранысты болжау, дайындықты жоспарлау, жарнамалық іс-шараларды өткізу мәселелерінде «АТУ» АҚ бітіртіп шығарушы кафедраларының қызметін үйлестіру.
  • Болашақ түлектердің бітіртіп шығарушы кафедралармен бірлесіп жұмыс берушілермен кездесулерін ұйымдастыру.
  • Одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында кәсіптік практика базасы ретінде бейінді компанияларды тартуға жәрдемдесу.
  • Түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету үшін жұмыспен қамту орталықтарымен, кәсіпорындардың кадр қызметтерімен байланыс орнату.
  • Белгілі бір салаға немесе аймаққа қажетті нақты БББ бойынша жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде бос жұмыс орындары банкін қалыптастыру.
  • Әлеуетті жұмыс берушілерді өз кәсіпорнының жұмысы туралы, саланың даму перспективалары мен үрдістері туралы ақпаратты түлектерге жеткізу мақсатында өз кәсіпорнының жұмысы туралы кездесулер, презентациялар өткізуге тарту.
  • Түлектермен байланыс орнату бойынша бітіртіп шығарушы кафедралардың қызметін үйлестіру.
  • Жұмыс берушілердің түлектерді даярлау сапасына қанағаттануын бақылау.
  • Бакалавриат студенттерінің диплом алдындағы практиканы ұйымдастыруға қанағаттануын мониторингтеу.
  • Түлектер мен әлеуетті жұмыс берушілер бойынша деректер базасын құру және ондағы деректерді жүйелеу.
  • Білім алушылар мен түлектердің кәсіптік тәжірибесін және жұмысқа орналасуын ұйымдастыру бойынша «АТУ» АҚ стратегиялық серіктестер желісін қалыптастыру және кеңейту.
  • Түлектерді дербес бөлу рәсімін қалыптастыру және жетілдіру.
  • «АТУ» АҚ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша деректер банкін қалыптастыру.
  • «АТУ» АҚ студенттерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында мансап күндерін, түлектер жәрмеңкелерін, фирмалар мен ұйымдардың презентацияларын, өзге де іс-шаралар өткізу.
  • Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен басқа да ұйымдардың осындай іс-шараларды өткізуі туралы студенттерді хабардар ету.
  • Жұмыс беруші серіктестердің өтінімдері бойынша студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыруға дайындау мақсатында компаниялар мен фирмаларда тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
  • «АТУ» АҚ түлектерінің мамандарына жұмыс берушілердің қажеттіліктерін тұрақты мониторингілеу және «АТУ» АҚ бейіні бойынша кадрларға қажеттілігін болжау.
  • «АТУ» АҚ барлық факультеттерінің студенттері үшін мансап жоспарлау, жұмыс іздеу технологиялары бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу.
  • Кәсіпкерлік негіздері бойынша бизнес-тренингтер мен мастер-класстар ұйымдастыру және өткізу.
  • Конференциялар, кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер және т.б. ұйымдастыру және өткізу.
  • ҚР ҒжЖБМ нысандары бойынша әкімшілік есеп жасау.
  • ОӘБ үйлестіретін процестер бойынша «СМЖ қызметі» және «Менеджментті талдау» бөлімі бойынша жылдық есепті дайындау.
  • Ғылыми кеңеске, ректоратқа және ҒӘК-ке материалдар дайындауға қатысу.
  • Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурстық өтінімдерді қалыптастыруға қатысу.
  • «Атамекен» ҰКП және басқа агенттіктер рейтингісіне қатысу үшін материалдар дайындауға қатысу.
  • «АТУ» АҚ институционалдық аккредитациялау және бакалавриат БББ мамандандырылған аккредитациялау үшін материалдар дайындауға қатысу.
  • ОӘБ қызметтері шеңберінде ОӘБ бастығы мен бастығының орынбасарының тапсырмаларын орындау.
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз