Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Білім саласы: 6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Дайындық бағыты: 6В072 Өндірістік және өңдеу салалары
Білім беру бағдарламаларының тобы: В072 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

БББ мақсаты:

Фармацевтика саласының халықаралық талаптары мен стандарттарына сәйкес дәрілік препараттарды әзірлеу, технологиялық процестерді ұйымдастыру және бақылау дағдыларын меңгерген жоғары білікті фармацевтикалық өндіріс технологтарын даярлау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • ОН1: Экономиканың, кәсіпкерліктің, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін және экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму принциптерін кәсіби қызметте қолданады.
  • ОН2: Фармацевтикалық өндіріс технологының негізгі құзыреттерін қалыптастыру үшін жаратылыстану пәндерінің өзара байланысын қолданады.
  • ОН3: Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін қолдана отырып, фармацевтикалық технологиядағы мәселелерді шешеді.
  • ОН4: Табиғи және синтетикалық шикізаттан дәрілік препараттарды әзірлеу үшін химиялық технология бойынша білімін қолданады.
  • ОН5: Фармацевтика саласында ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық және экологиялық қызметті жүзеге асырады.
  • ОН6: Дәрілік препараттарды өндірудің технологиялық мәселелерін шешеді және шикізат базасының жағдайын бағалайды.
  • ОН7: Фармацевтикалық өндірістің заманауи технологияларын кәсіби қызметте пайдаланады.
  • ОН8: Фармацевтикалық өнімнің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім мен дағдыларды қолданады.
  • ОН9: Технологиялық процестерді жобалауға және фармацевтикалық өндіріс жабдықтарын таңдауға қатысады.
  • ОН10: Нормативтік-құқықтық актілерді қолданады және фармацевтика саласындағы стандарттарға сәйкес технологиялық процестерді валидациялауды жүзеге асырады.

Кәсіби қызмет саласы (сферасы):

Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әзірлеу және өндіру; жаңа технологияларды, жабдықтарды және өндіріс әдістерін енгізу.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: өндірісті және персоналды басқару.
  • Өндірістік-технологиялық қызмет: өндіріс процестерін жетілдіру және бақылау.
  • Есептік-жобалық қызмет: жаңа технологиялар мен өнімдерді жобалау.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі: дәрілік заттар мен технологияларды зерттеу және әзірлеу.

Кәсіби қызмет объектілері:

Фармацевтикалық кәсіпорындар мен зертханалар, зерттеу институттары, сапаны бақылау органдары, жаңа технологияларды енгізумен айналысатын ұйымдар.

Оқыту бағытына лицензия нөмірі:

03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз