6В07207 Сән технологиясы
Білім саласы: 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Дайындық бағыты: 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
Білім беру бағдарламаларының тобы: B070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары
БББ мақсаты:
Заманауи цифрландыру тенденцияларына сәйкес сән индустриясы бұйымдарын жобалау мен технологиясы саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
- ОН1: Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу ерекшеліктері, экономика негіздері, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы білімін кәсіби қызметте қолданады.
- ОН2: Киім индустриясында математикалық талдау мен модельдеу әдістерін, жаратылыстану пәндерінің негізгі заңдарын қолданады.
- ОН3: Тоқыма және былғарыдан жасалған киімнің химиялық технологиясына қатысты қолданбалы есептерді шешуде физика-химиялық әдістерді пайдаланады.
- ОН4: Колористикалық шешімдер әзірлейді, пішіндерді сәндік композицияларға түрлендіреді және цифрлық технологияларды қолдана отырып, костюм эскиздерін жасайды.
- ОН5: Киім, материалдар мен типологиялардың сапа көрсеткіштерін талдау үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолданады.
- ОН6: Ғылыми зерттеулер жүргізеді, академиялық жазу дағдыларын қолданады, ғылыми этика принциптерін сақтайды.
- ОН7: Тігін кәсіпорындарында қауіпсіздік пен экологиялық тазалықты қамтамасыз етеді.
- ОН8: Жобалық құжаттаманы әзірлейді, дизайн-жобаларды басқарады және өнімді нарыққа жылжытуға ықпал етеді.
- ОН9: Тоқыма, трикотаж, былғары және басқа да материалдарды қолдана отырып, киім әзірлеуде дәстүрлі және цифрлық технологияларды қолданады.
- ОН10: Киім өндірісінің конструкторлық құжаттамасын және технологиялық процестерін жобалайды.
- ОН11: Заманауи технологиялық жабдықтарды тиімді пайдаланады.
- ОН12: Тігін өндірісін автоматтандыру және 3D модельдеу саласындағы білімін қолданады.
- ОН13: Ассортиментті жоспарлау, сапаны бақылау және басқару қызметтерін жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет саласы (сферасы):
Сән индустриясының бәсекеге қабілетті тігін бұйымдарын (киім, үлбір және былғары бұйымдары) жобалау, өндіру және басқару.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Жобалау-конструкторлық қызмет: эскиздер әзірлеу, киімнің конструкциясын жобалау, дизайн құжаттамасын дайындау.
- Өндірістік-технологиялық қызмет: тігін өндірісінің технологиялық процестерін ұйымдастыру және басқару.
- Инновациялық қызмет: цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жаңа өнімдер әзірлеу.
Кәсіби қызмет объектілері:
Тігін бұйымдары (тоқыма, былғары, жүн), өндірістік процестер, цифрлық жобалау әдістері.
Оқыту бағытына лицензия нөмірі:
03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы