Білім беру саласының коды және атауы
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Дайындау бағытының коды және атауы
6В021 Өнер
Білім беру бағдарламалары тобының нөмірі мен атауы
B110 Фэшн дизайны
БББ мақсаты
Сән индустриясы үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілікке ие, динамикалық өзгерістер мен сән трендтеріне бейімделе алатын дизайнерлерді дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері
- Кең ой-өрісі, ойлау мәдениеті және академиялық адалдығы бар тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік-гуманитарлық, ақпараттық ғылымдар саласындағы білімдерін көрсетеді.
- Кәсіптік қызметте экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздеріндегі білімін қолданады.
- Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде кәсіби қызмет барысында қарым-қатынас жасау дағдыларына ие.
- Кәсіби және ғылыми қызметінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
- Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды, сән және текстиль өнеркәсібінің өнімдерін жасау процесінде үш өлшемді модельдеуді, тұжырымдамалық идеяларды визуализациялауды ескере отырып, цифрлық технологияларды қолданады.
- Көркем-бейнелеу, колористикалық ерекшеліктерді, үлгілерді, сурет салу құралдары мен әдістерін ескере отырып, сәнді және текстиль дизайны объектілерінің эскиздерін, композицияларын жасайды.
- Тарихи, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық факторларды түсіну негізінде дизайн объектілерінің тұжырымдамалық идеяларын әзірлейді.
- Ұлттық мәдениетті, сән үрдістерін және конструкторлық шешімді ескере отырып, әртүрлі «көркемдік жүйелердің» шығармашылық тұжырымдамаларын іске асыру үшін идеялар жасай отырып, сән және текстиль саласындағы дизайн жобаларын әзірлейді.
- Басқару, жоспарлау, позициялау стратегиясын қалыптастыру, мақсатты сегментті анықтау, дизайн өнімдері мен өнер нысандарын брендтеу, іске асыру және ілгерілету бойынша командалық жұмыс дағдыларын меңгерген.
- Заманауи текстиль материалдарының ерекшеліктері мен қасиеттерін ескере отырып, жобаланған өнімнің дизайн-технологиялық процесін әзірлеу арқылы дизайн объектілерінің авторлық жобаларын жасайды.
- Сән мен текстильдегі қазіргі үрдістерді талдайды, өзекті дизайн-шешімдерді әзірлеу үшін көрнекі және әлеуметтік-мәдени талдау әдістерін қолданады.
- Сән және текстиль бұйымдарын жобалау мен өндірудің барлық кезеңдерінде экологиялық, этикалық және ресурсты үнемдеу қағидаттарын ескере отырып, тұрақты дизайн әдістерін қолданады.
Кәсіби қызмет саласы (сферасы)
Киім дизайны, текстиль дизайны, сән индустриясындағы брендинг, сән индустриясындағы коммуникация, мерчандайзинг.
Кәсіби қызмет түрлері
Жобалық: сән және текстиль нарығын зерттеу және талдау, сән және тоқыма өнеркәсібі саласындағы өнімдердің тұжырымдамасы мен дизайнын әзірлеу, оларды жасау процесін бақылау, үлгілерді модификациялау, брендті әзірлеу және жүргізу, өнімдерді таныстыру, сән көрсетілімдеріне қатысу және ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық: дизайнерлік жобаларды басқару (дизайнерлік жобаларды іске асыру процесін үйлестіру, жоспарлау және бақылау), ресурстар мен жеткізілімдерді басқару, сән және тоқыма өнеркәсібінің модельдері мен бұйымдарын жасау процестерін басқару, брендинг, позициялау және жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет объектілері
Киім, аксессуарлар, текстиль материалдары, фурнитура, құралдар мен жабдықтар, дизайнерлік бағдарламалық өнімдер, эскиздер, сызбалар, сән трендтері, сән индустриясы мен тоқыма нарығы, сән көрсетілімдері мен көрмелері, өндіріс процестері.
Оқыту бағытына лицензия нөмірі
03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы