Қоғамдық және мамандандырылған тамақ өнімдерінің технологиясы

Білім саласы: 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Дайындық бағыты: 6В072 Өндірістік және өңдеу салалары
Білім беру бағдарламаларының тобы: В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
 

БББ мақсаты:

Қазіргі заманғы экономика мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін кәсіби және әлеуметтік құзыреттіліктері бар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін жоғары білікті кадрлар даярлау.
 

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • ОН1: Кәсіби салада экономика, құқық және өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша білімін қолданады.
  • ОН2: Тамақ өнімдерін өндіру саласында кәсіби мәселелерді шешуде математика, физика және механика заңдарын қолданады.
  • ОН3: Ғылыми қызметте және тамақ өнімдері өндірісінде жаратылыстану пәндерінің негізгі заңдарын қолданады.
  • ОН4: Қоғамдық тамақтану саласында зерттеу әдістерін және ғылыми этика принциптерін қолданады.
  • ОН5: Бизнесті ұйымдастыруда экономика және тұрақты даму туралы білімді қолданады.
  • ОН6: Жоғары сапалы өнім шығару үшін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында технологиялық процестерді ұйымдастырады.
  • ОН7: Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында әртүрлі технологиялық жабдықтарды тиімді пайдаланады.
  • ОН8: Тамақтану индустриясында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • ОН9: Заманауи тамақтану тұжырымдамалары мен технологияларын қолданады.
  • ОН10: Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалауға және қайта құруға қатысады.
  • ОН11: Тамақ өнімдері мен қызметтерінің сапасын және қауіпсіздігін бақылау жүйесін ұйымдастырады.
  • ОН12: Өндірісті және қызмет көрсетуді тиімді басқарады.

Кәсіби қызмет саласы (сферасы):

Тамақтану индустриясы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, профильдік білім беру және жобалау ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Ұйымдық-басқарушылық қызметі: технологиялық процестерді ұйымдастыру және басқару.
  • Өндірістік-технологиялық қызметі: өндірілетін өнімнің сапасын бақылау.
  • Жобалық қызметі: қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау және реконструкциялау.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі: тамақ өнімдерін өндіру саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу.

Кәсіби қызмет объектілері:

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, жобалау ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары.

Оқыту бағытына лицензия нөмірі:

03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз