Студенттік өмір

Golden Team — заманауи би мен салауатты өмір салтын ұстанатын студенттер клубы.

Мақсаты:

  • Жастардың шығармашылық дамуына ықпал ету;
  • Заманауи би өнерін үйретуге жағдай жасау;
  • Эстетикалық талғам мен сахналық мәдениетті дамыту;
  • Жауапкершілік пен тәртіпке, командалық жұмысқа баулу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Golden Team — бұл би өнері арқылы сенімділік пен икемділікке, сахналық шеберлікке жол ашатын орта. Команда түрлі қалалық, республикалық байқаулар мен фестивальдерге белсенді қатысады.

Жетістіктері:

  • 2016 ж. «Samsung age» фестивалінде көрермендер көзайымы жүлдесі;
  • 2017 ж. «Жас Жұлдыз» республикалық байқауы — 1-орын;
  • 2018 ж. ADK шығармашылық байқауы — 1-орын;
  • 2016 ж. «Student’s Dance Battle» — Гран-при.

Би бағыттары: hip-hop, popping, locking, house, break dance және т.б.

Координатор: Құралай Әбілқайыр
Байланыс: +7 775 167 43 06

Жайдарман клубы (КТК) — талантты, тапқыр жастардың шығармашылығын дамыту алаңы.

Мақсаты:

  • Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу;
  • КТК қозғалысын дамыту және дарынды жастарды қолдау;
  • Университет дәстүрлерін насихаттау және белсенді демалысты ұйымдастыру;
  • Әртүрлі факультеттер мен оқу орындары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту;
  • АТУ имиджін республикалық деңгейде арттыру.

Қызметі:

  • Факультетаралық ойындар (1/8, 1/4, жартылай финал, финал) ұйымдастыру;
  • "Жайдарман" республикалық ойындарына қатысу;
  • Әлеуметтік желілерде АТУ-ды насихаттау.

Жетістіктері:

  • 2018 ж. «АТУ құрамасы» — Талдықорған қаласы әкімінің Кубогында 2-орын;
  • 2018 ж. «АТУ құрамасы» — Алматы қаласы әкімінің Кубогында жеңімпаз;
  • 2019 ж. «Made in ATU» — республикалық Премьер-лигада 3-орын;
  • 2019 ж. «АТУ құрамасы» — Алматы қаласы әкімінің Гран-при иегері;
  • 2019 ж. «Made in ATU» — ШҚО әкімінің Гран-при иегері.

Координатор: Ғабит Құмарбеков
Байланыс: +7 702 683 68 00

«Жастар рухы» — «AMANAT» партиясы жанындағы жастар ұйымы. Бұл — студенттердің біліммен қатар өзін-өзі дамытуына, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін алаң.

Мақсаты — жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, олардың өнер мен мәдениет саласындағы бастамаларын қолдау. Мемлекет басшысы айтқандай, «Қазақ елінің болашағы — білімді жастардың қолында». Осы ұранмен «Жастар рухы» ұйымы жастардың өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешуге ықпал етіп келеді.

Ұйым мүшелері республикалық деңгейдегі қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, «Жақсылық жаса — өзіңе оралады» деген халық даналығын іс жүзінде көрсетіп келеді.

Координатор: Құрбанбай Үміт
Байланыс нөмірі: +7 705 633 54 73

«ATU MUSIC» вокал мектебі — бұл студенттердің музыкалық және вокалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық клуб. Клубтың басты мақсаты — музыка мен сахна арқылы студенттердің жеке шығармашылығын, сенімділігін және өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Мақсаттары:

  • Музыка және вокал өнері арқылы шығармашылық даралықты дамыту;
  • Музыкалық талғам мен бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;
  • Сахнада еркін өнер көрсету үшін вокалдық, тыныс алу және дикция техникасын меңгерту;
  • Өзін-өзі дамыту мен сахналық шеберлікті жетілдіруге жағдай жасау.

«ATU MUSIC» вокал мектебі — отандық эстрадаға көптеген талантты орындаушыларды дайындаған танымал орталық. Бұл мектептен түлеп ұшқан түлектер қатарында Шамшынахар, Ерлан Орынбасаров, Жамбыл Махамбетов, Жұлдыз Жақыпбекқызы және тағы да басқа белгілі әртістер бар.

Жеке әдістемеге негізделген сабақтар вокалдық қабілетті дамытып қана қоймай, студенттерге өз дауыстарын сенімді басқаруға көмектеседі. Бұл мектеп үлкен сахнаға шығуды армандайтындар үшін де, жай ғана ән айтқысы келетіндер үшін де таптырмас мүмкіндік.

Жетекшісі:

Вокал мұғалімі,өнер қайраткері,ҚР 2015 жыл әншісі,«Қытай,Пекин» Халықаралық конкурсының лауреаты,әнші,биші,актриса,керемет дауыс иесі -Лала Бақытнұрқызы,

+7 707 005 8207

«Жастар» және «Brain Storm» интеллектуалды пікірсайыс клубтары

Пікірсайыс – бұл нақты ережелері бар пікірталас түріндегі интеллектуалды ойын. Ол сыни және логикалық ойлауды дамытады, коммуникативтік мәдениет пен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, өз бетінше шешім қабылдауға үйретеді және студенттердің көшбасшылық қасиеттерін ашуға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда пікірсайыстар әлемнің көптеген мектептері мен университеттерінде өткізіледі және Қазақстан жастары арасында ең танымал зияткерлік қызметтің біріне айналды.

Пікірсайыстың мәні – төреші ретінде әрекет ететін бейтарап үшінші тарапты өз дәлелдеріңіздің қарсыласыңыздан артық екеніне сендіру. Қарапайым мақсаттың артында күрделі стратегиялар мен әдістер жатады.

Республикалық деңгейде кең таралған негізгі пікірсайыс форматтары: Америкалық парламенттік формат, Британ парламенттік формат және Линкольн-Дуглас форматы.

Біздің университетте 2009 және 2012 жылдары проректор Батхолдин К.С. жетекшілігімен құрылған «Жастар» және «Brain Storm» пікірсайыс клубтары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бұл клубтарда 100-ден астам белсенді пікірсайысшы бар. Жыл сайын «ATU CUP» республикалық турнирі (АТУ ректоры, академик Т.К. Құлажанов кубогы үшін), ішкі және факультетаралық турнирлер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Клубтың міндеттері:

  • Студенттердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру;
  • Шешендік өнер мен пікірталас мәдениетін үйрету;
  • Даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешуге үйрету;
  • Өз пікірін дәлелдеуді үйрету;
  • Жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жаңа идеяларды ұсыну.

 

«Жастар» клубының үйлестірушісі — 3-курс студенті Жолдасбай Жансен, тел: +7 747 569 90 24.
«Brain Storm» клубының үйлестірушісі — 2-курс студенті Кәдірбек Гүлдана, тел: +7 707 594 95 37.

ENtrepreneurial — мүмкіндіктерді көре білу және осындай перспективалардан пайда табу қабілеті.
ACTion — әрекет етуге және істі соңына дейін жеткізуге деген ынта, нәтиже кепілдендірілмесе де.
US — ортақ мақсат біріктірген адамдар тобы.

«Enactus ATU» — бұл жай ғана университет қабырғасындағы студенттік ұйым емес. Университеттің Enactus-қа қатысуы – бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен академиялық қауымдастықтарға, сондай-ақ Enactus-ты қолдайтын компаниялар мен олардың басшыларына қосылу деген сөз. Бұл – студенттердің өмірін өзгертетін және университетіміздің имиджіне оң әсер ететін пайдалы кәсіби тәжірибе.

Enactus бағдарламасы — бұл бизнес көшбасшылары мен университеттер арасындағы үздіксіз серіктестік процесі, ол студенттерге нақты бизнес және экономика мәселелерін шешуге көмектесетін білім, дағдылар мен тәжірибе береді. Бұл бағдарлама университеттегі теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін қосымша платформа ретінде қарастырылады. Осылайша, студенттер өз білім жолына да, өмірлік мақсаттарына да үлкен жауапкершілікпен қарай бастайды.

«Enactus ATU» клубының басты мақсаты — кәсіпкерлік арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Клуб координаторы: Әли Талап
Байланыс: +7 776 875 0669

 

Домбыра ансамблі «Домбыра-Дастан» – университеттің түрлі шараларында өнер көрсететін, Қазақстан қалаларын аралап, гастрольдік сапарларға шығатын шығармашылық ұжым. Ең бастысы – кез келген ынталы және еңбекқор студент бұл сиқырлы аспапта ойнауды үйрене алады.

Ансамбль құрамында АТУ және ТЭК-тің 15-тен астам дарынды студенттері бар. Қатысушылардың музыкалық білімі болмаса да, олар жыл сайын орындаушылық шеберліктерін жетілдіріп келеді. Студенттер қазақ халқының музыкалық дәстүрлерімен, ұлы композиторлардың шығармашылығымен және олардың туындыларымен, әртүрлі музыкалық жанрлармен үлкен қызығушылықпен танысуда.

«Домбыра-Дастан» домбыра ансамблі республикалық Дельфий ойындарында жүлделі орындарға ие болып келеді. Ансамбль бірнеше рет «Студенттік көктем» қалалық фестиваліне қатысты. Сонымен қатар, ансамбль студенттері жыл сайын қалалық «Қош келдің, Әз Наурыз мерекесінде өтетін үлкен, біріккен домбырашылар оркестріне қатысады.

Домбыра үйірмесінің жетекшісі — Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Ақжолова Сағдат Наматовна.

Үйірменің үйлестірушісі — 1 курс студенті Әділбекқызы Гаухар
Байланыс телефоны: +7 707 179 19 44

«Тай-На» студенттік сән театрының қызметі студенттерді костюм мәдениеті әлеміне тартуға бағытталған. Бұл — бейне жасау, киім топтамаларына арналған театрландырылған қойылымдар қою, жастар сәнінің үнемі өзгеріп отыратын заманауи үрдістерін насихаттау арқылы жүзеге асады. Мұның бәрі шығармашылықпен айналысатын, үйлесімді дамыған, әлеуметтік тұрғыдан белсенді тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Театр қатысушылары келесі міндеттерді шешуге атсалысады:

— Көркемдік-эстетикалық талғам мен сезімді, шығармашылық бастамашылдық пен қиялды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
— Сән саласына қатысты мамандықтармен танысу, осы бағыттарға бейімділікті анықтау;
— Сахналық қозғалыс пен актерлік шеберлік дағдыларын меңгеру;
— Қарым-қатынас жасау, этикет нормаларын меңгеру;
— Коммуникативтік мәдениетті және құзыреттілікті қалыптастыру;
— Тұлғаның жан-жақты мәдениетін қалыптастыру, белсенді әлеуметтік өмірге дайындау.

Студенттер театрда бірнеше жыл жұмыс істей жүріп, өмірде әлеуметтенуге және өз шығармашылық әлеуетін кәсіби әрі қоғамдық салаларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық дағдыларды меңгереді.

Сән театры дизайнер Аида Кауменованың сән үйімен тығыз байланыста жұмыс істейді. «Тай-На» сән театрының қатысушылары халықаралық жас дизайнерлер көрсетілімдеріне – «Жас Өркен», «KFW» (Kazakhstan Fashion Week) – белсенді қатысады.

Клуб үйлестірушісі: Бахтиярова Сымбат
Байланыс нөмірі: +7 747 700 60 32

«Тұмар» би ансамблі

«Тұмар» би ансамблі 2003 жылы құрылған. Бүгінде ансамбль құрамында университетіміздің барлық факультеттерінен 40-тан астам студент бар. Ұжым қалалық мәдени іс-шаралардың тұрақты қатысушысы болып табылады. «Тұмар» ансамблі студенттер арасында кең танымалдылыққа ие. Ансамбль «Алматы – жастар қаласы» байқауына қатысқан.

Ансамбль Оңтүстік Кореяда өткен «Арман қала NEXT» халықаралық байқауының, сондай-ақ Дельфий ойындары мен басқа да көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. 2018 жылы өткен Дельфий ойындарында ансамбль 1-орынға ие болды. Қатысушылар әртүрлі концерттер мен мәдени бағдарламаларға белсенді қатысып, гастрольдік сапарларға шығып тұрады.

Ансамбльдің негізгі мақсаттары:

  • Университет студенттері арасынан жаңа би таланттарын анықтау және кәсіби деңгейін арттыру;
  • Шығармашылық қабілеттерді дамыту;
  • Би өнерін насихаттау және жандандыру;
  • Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
  • Жалпықалалық мәдени шараларда ансамбльдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Би залы АТУ-дың бас ғимаратының үлкен мәжіліс залында орналасқан. Есігі баршаға ашық!

Координатор: Нағашыбаева Мадина
Байланыс: +7 771 181 51 06

«ATU-SENIM»  Еріктілер лигасы — әлемді сәл де болса мейірімді етуге ұмтылған пікірлес жандардың бірлестігі. Бұл ұйым қоғамға пайда келтіруге ниетті жастардың басын біріктіреді.

Қазақстанда еріктілер қозғалысы өзекті тақырыпқа айналды. 2020 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілер жылы» деп жариялауы елдегі волонтерлік қызметті жаңа деңгейге шығарды. Жастар арасында ерікті қызметтің маңыздылығы артып, қоғам игілігі үшін еңбектену — өркениетті ел болудың басты шарттарының бірі екені айқындала түсті.

2017 жылы «Еріктілер лигасы» қоғамдық қоры Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада 3000-нан астам еріктіні, оның ішінде студенттерді даярлау мен ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.

2016–2018 жылдары АТУ-SENIM еріктілері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 900 еріктіні даярлау және оқыту үдерісіне белсенді қатысты.

АТУ жанындағы «ATU-SENIM» Еріктілер лигасы ҚҚ филиалының еріктілері түрлі қалалық және республикалық жобаларға белсенді қатысады: Almaty Arena, Балуан Шолақ спорт кешені, Яркокросс, Алмафест, ММА, Алматы Барысы, футзалдан УЕФА чемпионаты, Тұрлыханов турнирі, Senior Club әлеуметтік жобалары, бейне және фототүсірілімдер, т.б.

2019 жылы еріктілер Алматы марафоны сияқты ауқымды шараға қатысып, АТУ студенттері алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«ATU-SENIM» еріктілер ұйымының 4 студенті — Назерке Округі, Тұрар Азат, Ризабек Әсел және Сейтхан Нұррахым ҚР БҒМ-нің алғыс хаттарымен марапатталып, белсенді еріктілер қатарынан көрінді.

Клуб үйлестірушісі: Сейтхан Нұррахым (Инженерия және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті)
 Байланыс: +7 705 243 99 65

Мақсаты мен міндеттері:

«СТОП» клубы — университет аумағындағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған белсенді студенттер бірлестігі.

Клубтың басты міндеттері:

  • Қоғамдық тәртіпті сақтау және қорғауға атсалысу;
  • Құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу;
  • Білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • Құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жасау;
  • Студенттік ортада қоғамға қарсы әрекеттерге төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру.

Координатор: Аленов Адият
Байланыс: +7 706 676 6193

Мақсаты мен міндеттері:

«Жарық» жастар театрының басты мақсаты — дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін ашып, театр өнері арқылы олардың тұлғалық дамуына ықпал ету.

Клуб келесі бағыттарда жұмыс істейді:

  • Театр өнері мен сахна мәдениетінің негіздерін үйрету;
  • Актерлік шеберлікті дамыту;
  • Шығармашыл жастарды анықтап, қолдау көрсету;
  • Ұлттық және әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау;
  • Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын дәріптеу.

Қызметті ұйымдастыру:

  • Университеттің мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады, режиссура, көркемдік, музыкалық және техникалық қамтамасыз етумен айналысады;
  • Қойылымдар мен шаралар арқылы студенттердің актерлік шеберлігі мен көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамытады;
  • Студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Координаторлар: Артықбай Аружан, Арайлым Шахмарданова
Байланыс нөмірі: +7 775 860 54 64

"TIK TOK HOUSE" Бейнеиндустрия клубы

Мақсаты мен міндеттері:

"TIK TOK HOUSE" — университеттің дамуына, білім беру процесінің қатысушылары арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа мүдделі, өзінің азаматтық ұстанымы бар шығармашылық және белсенді студенттерден құралған клуб.

  • Белсенді студент-блогерлерге АТУ әкімшілігімен байланыс орнатуға көмектесу;
  • Әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен жобаларды қолдау және іске асыру;
  • Университет өмірін әлеуметтік желілерде бөлісу;
  • Студенттердің әлеуметтік желілерде белсенділігін насихаттау;
  • Түрлі акциялар мен іс-шаралар ұйымдастыру үшін коммуникациялық алаң құру;
  • АТУ студенттік өмірін жариялауға бастамашыл студенттерді және интернет-контент өндірушілерді (блогерлер мен әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар) тарту.

Қызметті ұйымдастыру:

  • "TIK TOK HOUSE" клубы көптеген қызықты идеялар мен авторларды ашуға және қоғамдастықтың басқа мүшелерімен танысуға мүмкіндік береді;
  • Клуб мүшелері студенттер арасында TIK TOK платформасының ережелері мен стандарттарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
  • Клуб білім алушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ АТУ имиджі мен беделіне зиян келтіретін интернет-контентке төзбеушілік танытады;
  • Клуб мүшелері "Мейірімді болыңыз және басқа адамдар сізге қалай қарағанын қаласаңыз, солай қарым-қатынас жасаңыз" деген негізгі ережені үнемі насихаттайды.

Координатор: Ізбасар Ұлдана
Байланыс нөмірі: +7 700 783 0952

Биотехнолог
Ғылыми жетекшілері:

  • Амирова А.К., и.о. доцент, к.б.н.
  • Сыздыкова Л.С., к.т.н.
  • Абдиева Қ.М.

Молочный рай
Ғылыми жетекшілері:

  • Алимарданова М.К., д.т.н., профессор
  • Мухтарханова Р.Б., к.т.н., доцент
  • Тлевлесова Д.А., PhD

PHD
Ғылыми жетекшілері:

  • Байгазиева Г.И., к.б.н., профессор
  • Ахметжанов А.К., ассистент
  • Баязитова М.М., ассоц. проф.

Техно АТУ
Ғылыми жетекшісі:

  • Беркинбаева А.С., к.т.н., PhD, сениор-лектор

Текстиль
Ғылыми жетекшілері:

  • Буркитбай А., к.т.н., PhD, Эксперт
  • Азимова С.Т., PhD
  • Жельдибаева А.А., и.о. доц.
  • Бугубаева Г.К., и.о. доц.
  • Изтелиева Р.А.
  • Тунгушбаева У.О., ассоц. проф.

Fermentation
Ғылыми жетекшілері:

  • Байгазиева Г.И., к.б.н., профессор
  • Ахметжанов А.К., ассистент
  • Баязитова М.М., ассоц. проф.

Алтын дән
Ғылыми жетекшілері:

  • Жиенбаев С.Т., д.т.н., и.о. профессора
  • Әбітбек, докторант
  • Асан А., магистрант

Хлекбопек
Ғылыми жетекшілері:

  • Искакова Г.К., д.т.н., и.о. профессора
  • Мулдабекова Б.Ж., к.т.н.
  • Шаншарова Д.А., д.т.н., профессор

Дизайнер
Ғылыми жетекшілері:

  • Торемуратова Г.Е., магистр, лектор
  • Бектиярова Д.С., магистр, лектор
  • Абилкаламова К.К., сениор-лектор, PhD

Robolab
Ғылыми жетекшілері:

  • Жұмахан Н.Б., магистр
  • Теміржанова Ә.Ә., ассистент

Сүт сарапшысы
Ғылыми жетекшілері:

  • Мухтарханова Р.Б., к.т.н.
  • Матибаева А.И., к.т.н.
  • Джетписбаева Б.Ш., к.с-х.н.

Клуб молодого предпринимателя
Ғылыми жетекшісі:

  • Жұмахан А.С.

Технолог животноводства
Ғылыми жетекшілері:

  • Джетпсибаева Б.Ш., ассоц. проф., к.с/х.н.
  • Матибаева А.И., к.т.н.
  • Абильмажинова Н.К.

Power клубы
Ғылыми жетекшілері:

  • Мукапил К., магистр
  • Камен Б.К., магистр

Жас ғалым
Ғылыми жетекшілері:

  • Шаутимбаева Н.Н., а.ш.ғ.к.
  • Мирзакулов С.М., а.ш.ғ.к.

Atu Travel
Ғылыми жетекшісі:

  • Чувашев С.Ю., магистр

Эксперт клубы
Ғылыми жетекшілері:

  • Азимова С.Т., PhD
  • Буркитбай А., к.т.н., PhD

Школа молодых управленцев
Ғылыми жетекшілері:

  • Ильяс А., к.э.н.
  • Абуталипова Ж.А., магистр

 

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз