- +7(707)221 88 08
- +7(727)221 88 08
Menu
Акашкызы Гульмира
АТУ біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры
Тлеулинова Инжу Бейсенбаевна
АТУ біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының методисті
ИНСТИТУТТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Алматы технологиялық университетінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты өз әрекетін нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасы Білім беру туралы заңына сәйкес АТУ-де қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес қосымша білімдер мен дағдылар көлемін алу үшін жағдайлар құрылған.
Оқу үдерісіне орасан ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасы және қиыр шығыс тамақ, қайта өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда машықтандырудан өткен жетекші ғалымдар мен мамандар шақырылады.
Біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламалары ғылымда, білім беруде, өндірісте жүретін инновациялар, сонымен қатар еңбек нарығы қажеттіліктері, оқу нәтижелеріне құзіретті қарау, кәсіби стандарттар талаптары мен біліктіліктің салалық шегі ескеріліп әзірленген, сол арқылы тәжірибелік бағытталған.
Оқытушылармен таратылатын дәріс материалдары мен қажетті құжаттар түрлерінің толық пакеті ұсынылады.
Сабақтар АТУ мамандандырылған, заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу-ғылыми өндірісітк мини-цехтарда жүргізіледі:
Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығында тамақ өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған заманауи аспаптарда жұмыс істеу дағдылары бойынша сабақтар жүргізіледі.
Сабақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Еуропа ЖОО оқыған мамандармен жүргізіледі.
Біздің оқытудың артықшылықтары:
Біздің оқырмандар:
Сіздің назарыңызға Аспазшы-диетолог курсын ұсынамыз
Диетология тағамды дұрыс және рационалды тұтыну туралы ғылым.
Емдәмдер көмегімен көптеген аурулардан айығуға, сымбатты болуға және өмір сапасын жақсартуға болады.
Біз Аспазшы-диетолог курсын кәсіби деңгейде өтуге мүмкіндік береміз.
Оқу мерзімі 3,0 сағаттан 12 сабақ.
Сіз не меңгересіз және нені жасай алуға үйренесіз:
Ал ең бастысы, Сіз сұранысқа ие маман бола аласыз. Оқу соңында сертификат беріледі.
4(5) разрядты азпазшы мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсы жұмыс істеп жүрген, өз біліктілігін максималды разрядқа дейін арттырғысы келетін аспазшыларға арналған. Курста оқыту барысында тыңдармандар азпаздықтағы заманауи тенденциялармен танысуға, ас мәзірін құру бойынша кеңес алуға және мейрамхана жұмысын ұйымдастыруға, тағамдарды даярлаудың жаңа технологияларын меңгеруге, өз кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік алады. Бұның барлығы қоғамдық тамақтандыру саласындағы мамандарға алған тәжірибесі мен білімдерін өз кәсіби әрекетінде табысты қолдануына мүмкіндік береді.
Курсты оқыту заманауи жабдықтарды қолданып, орасан педагогикалық және тәжірибесі бар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында табысты жұмыс істейтін, жоғары санаттағы мамандар жетекшілігімен жүзеге асырылады. Оқу барысында алдыңғы қатардағы тәжірибелік оқыту әдістері мен технологиялар қолданылады. Біліктілікті арттыру курстары тыңдармандардың тиімді жұмысы үшін барлық қажеттімен жабдықталған оқу-өндірістік цехтарда (мейрамханаларда), тағам даярлау зертханасында, демонстрациялық залда жүргізіледі.
Курсы меңгеру оңында мамандар әртүрлі күрделікті аспаздық өңдеуді талап ететін тағамдар мен өнімдерді дайындау бойынша білімдерді меңгереді:
Даяшы және бармен мамандықтары бойынша даярлау курстары осы мамандық бойынша жаңа, заманауи, толыққұнды білімдерді, дағдылар мен тәжірибені меңгеруге мүдделі адамдарға арналған. Біздің курстарда ұсынылатын бағдарлама заманауи мейрамханалар, кафе мен барлар иелері қажет ететін талғамдары мен ұсыныстары ескеріліп құрылған.
Егер Сіз жоғары классты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету дұрыс қалай үргізілетінін, ас мәзірін қалай дұрыс ұсыну қажеттігін, клиентке сауатты қызмет көрсетуді білгіңіз келсе, онда біз тұтынушыларды қабылдауға дайындық, дастарқан жаю, қызмет көрсету стильдері, тағамдар мен сусындарды ұсыну құпияларын ашамыз.
Кондитер мамандығы бойынша кәсіби даярлау курсы Сіз үшін табысты мансаптың бастамасы. Торттар, пирожное, қаусырмалар мен бәліштер, орамалар, печенье, карамель мен шоколадтан дайындалатын өнімдер бұл кез-келген салтанаттыі ажырамас бөлігі. Сондықтан да ірі дүкендер, гипермаркеттер, кондитерліктер, наубайханалар, мейрамханалар, кафелер, нан зауыттар және басқа кәсіпорындар осы мамандық өкілдеріне өте зәру және оларды жоғары бағалайды.
Кондитерлер курсы кең кәсіби горизонттарды ашады. Курсты бітіріп, жұмысқа орналасқан соң Сізде кәсіби өсу, одан да жоғары разрядты алу, басшы лауазымын алу немесе өзіңіздің табысты бизнесіңізді ұйымдастыру мүмкіндігі болады.
Қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру саласындағы жұмысшыларды аттестаттау
Қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларын аттестаттауды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы мәселелерді жүзеге асыруда қызметкерлер жұмысының тиімдңлңгңн анықтау мақсатында жүргізеді. Қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларын аттестаттауды қызметкерлердің өндірістік еңбегін қлғайтуға, ұйымдастыру құрылымына, технологиялық процедураларға, лауазымдық нұсқауларға және ынталандыру ортасына қажетті өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау үшін жүргізеді.
Алматы, 050012, Төле би көшесі, 100
+7 727 221-88-08
+7 727 293 52 95
+7 727 317-00-53
+7 727 293-52-96
+7 707 221-88-08